Шығыстанушы мамандығын неліктен таңдадым?
жеке
блог

Шығыстанушы мамандығын неліктен таңдадым?

Еліміз Тәуелсіздік алғалы Қытай Халық Республикасымен экономикалық, мәдени, саяси байланыстарын арттырып келеді. Бұған себеп те дәйекті: екі елдің көрші орналасуы, тарихи тұрғыдан байланыста болуы. Әрине, әлемдік аренада өзіндік орнын тауып, экономикасын күшейткен ҚХР-дан жас мемлекетіміз Қазақстанның үлгі алатын тұстары мол. Ал оны зерттеу-Шығыстанушы мамандардың міндеті деп білемін. 

Міне, осы себепті және алғашқы өркениет бастаушыларының сан жылдық тарихы мен бай мәдениетіне қызығушылығым мен қытайлық ерекше жазу жүйесін үйренуге деген ынтамның болуы Қытайтанушы мамандығын таңдауға итермеледі.

Бүгінде мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің 1-курс студентімін. Алға қойған мақсатым-ҚазҰУ беретін мол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Отанымның дамуына өз үлесімді қосу.

Дайындаған: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің 1-курс студенті Ниязова Асылжан

Куратор-эдвайзер: Нұртәліп Шәріпқазы