Менің есімім...

Менің есімім...
жеке
блог

    Қазақтың қыздарының есімі... Тілге жеңіл ,жүрекке жұмсақ тиіп, өмірін бейнелейтін әсем есімдер, менің ойымша,қазақ аруларына тән.Байтақ жерді өзінің жұмсақ мінезімен баурап алатын қазақ аруларының есімі әдеміліктің ,нәзіктіктің бейнесін  салдырады.Осындай әдемілік нышанын білдіретін есімдерге өз есімімде де жатқызамын.Менің есімім - Құралай.Халықтың айтуы бойынша “адам есімі өз өмірімен  тікелей байланысты”.Сондықтан да қазақ халқы сонау заманнан бері ат қоюға ерекше мән берген деседі.Қазір де  бұл дәстүр өз күшін жойған жоқ.Негізінде есімімді  мен дүние есігін ашпас бұрын қыз болса Құралай,ұл болса Әлішер деп қоямыз деген ортақ байламға келген.Арада өткен күндерден кейін шыр етіп мен де жаңа дүниеге аяқ бастым.Ата-анам келіскендей азан шақыртып Құралай деген есімді арнады.Дәл сол сәтте  құлағыма сыбырлаған үн,бүгін де  менің жанымда жүрген ең құнды нәрселерімнің бірі.Әке-шешем осындай әдемі есімді арнау арқылы, әдемі өмір де қоса сыйлады.Бұны әке-шешемнің маған тапсырған аманаты деп түсінемін.Әрине,аманатқа қиянат жасауға  болмайды.Сондықтан да өз есімімді көзімнің қарашығындай қастерлеуді парызым санаймын.Өз есіміме лайықты болу үшін тырысудамын.Әлемде неше түлі есімдер көп.Бірақ ата-анамның бұл есімді таңдаудағы басты себебі бар.  Бұрындары өз есіміме еш назар  аударған емеспін.Бірақ уақыт өте келе бұл есімнің киіктің төліне байланысты қойылғанын ұғындым.Анаммен әңгіме үстінде есімім туралы сөз қозғағанда анам үнем "мамыр мен маусым айларында киік атаулы жануар өзге жерге тұяқ теуіп,төлдейді.Жарық дүниенің ең алғашқы қадамын маусым айында аттағаның үшін , бұрынғы ата-баба дәстүрімен есіміңді Құралай қойдық" деп айтып отырады.Құралайдың сұлулық бейнесі екенін де әңгімеден тыс қалдырмайды.Негізінде көбі маған лақап ат шығарып,еркелеткен түрде әлі күнге дейін айтып келеді.Яғни,әркім маған әр қилы есім ойлап тапқан.Бұл мен үшін үйреншікті жағдай.
    Мен үшін есіміне сай бола білуі маңызды.Қазір міне 10-сынып оқушысымын.Сыныбымда үздік оқушылардың қатарындамын.Өз есіміме лайықты болуға барынша тырысудамын.Әрине,бұның бәрін ата-анамның аманатын сақтап келе жатқаным деп түсінемін.Болашақта да алған бетімнен таймай,ел қатарлы халқыма адал жұмыс атқарып , өмірімнің бір бөлшегін есіміммен байланыстырып өмір кешсем мен үшін басқа арман болмас еді.
     Қазақ жерін әдемі есімдерімен самсатқан қазақ есімдері өз маңызын жоғалтпаса,қазіргідей мағынасы жоқ есімдердің қойылуы тарқап,қазақ деген атымызға сай  нағыз қазақтың әдемі есімдері қойылса,қазағымыздың өмірі де, өзі де әдемі болып,біз үшін үлкен мәртебе болар еді.