Менің бұлыңғыр өткенім
жеке
блог

Менің бұлыңғыр өткенім

       Арамызда қайсымыз болмасын бұлыңғыр өткеніміз бар.Оны еске түсіре берсек жанымыз ауырады жүрегімізге ауырлық түседі ,алға жылжуды ойлағымыз келмейді,асқа тәбетіміз жоғалады ,ешкіммен сөйлескіңіз келмейді депрессиялық жағдайға тап боласызда,бәрінен онашаланып қаласыз.

  Менің өткенім сондай тамаша басталып ортасы қайғылы болып кетті,құрпаластарыма түспеген мамандықты Алла маған тағдыр қып жазып берді маңдайыма өз бақытымды өз қолыммен шаптым,оның бір ден бір себебі жалқаулық талпыныстың жоқтығы,сол бақытыма тап болуыма бір жақын адамым себепші ол ағам ,ағам қашанда қол ұшын созып ақылын ақылмен айтып жүреді маған.

   Студент болып енді жаңа өмірге аяқ басып келе жаттым басында қатты ұнады жеті өтті апта өтті ай өтті жарты жылым бақытпен сарп етілді бірақ қысқа таман сол бақытты шағым басқа арманмен толы болып кетті,мен басқа жолмен жүруді ойлап кете бердім осы жолымнан жалығым кеттім,сабаққа ден қоюды қойып тастадым ,үлгерімім төмендей берді ұстаздар неге оқымай жүрсің дегенде ештенке айтпадым жақындарымның тарапынан біршама қолдау көрсетілді егерде көмек керек болса айт бір ретін қыламыз мен керек деудің орнына менде бәрі жақсы деумен қоя бердім сол кезде ішкі жан дүнием астан кестен болып жатырды,мен кімге барып шағымдануды ойлана алмай тіпті анам мен әкеме айтудан жасқандым олар бұған қандай реакция береді деуден қорықтым маған ұрсып қателігімді түзеуге мүмкіндік бермей бетіме басат деуден қорықтым.Үнсіз жүріп бір екі ай өткіздім басында бәрі оңалып басталғанда алаңсыз бейқам көңілде жүрген едім.Өмір кенет кедергілерді қоя бастады алдыма қиындық дегенді өмірі көрмеген оқушы алаң кезімде бәр оңай болатын ол кезде мүмкіндіктер көп болды ал бұл кезде ешкім көмектеспеді алайда ойладым оңалып кетер бейқам жүрген мен ғана емеспін деп.Сөйтіп жарты жыл өтті келесі жылы ол оқудан кеткім келетінімді жақындарыма айттым талай реніш естісемде ешкімге білдіртпедім жанымның ауырып жатқанын.ОЛ кезден бері 3 жыл өтті ендігі шақта ол кездерімді сол бұлыңғыр өткенімді ұмыту үшін ауылға кетіп қалдым .Жақындарым өткенімді есіме жиі түсіре береді жүрегім жараланып кетеді ойлай берсем.Ұмытуға бел бусамда есіме түсіп кетіп тағы ойға батып кетеді санам.

 Не болсада келесі жылдан бастап жаңа өмір бастауға бел будым ,қашанғы бейқам қарауым керек өміріме не дегенмен тақырып менің өміріме тірелуде күресуді талпынуды бар жігерімді жинап төзіп жылжуды бел будым.Жаңа кітаптар оқып біразды түсіндім егерде сол кезде шыдап қалсам қазір бір маман иесі болып бір зданияда отыра едім қаржыгер болып алайда қаржыгер болу менің жолым емес оны мен 2 жыл бурын білген күннен бастап басқа жол табу үшін амал жасадым мен екі рет қателестім 

бұдан кейін ұстаздық мамандығына тап болдым ол мамандықта 1 ай ішінде ғана болдым ол мамандық мүлде ұнамайды бала мен жұмыс жасаудың орнына басқа кеңістікті армандаймын .

Ендігі шақта бизнес бастауды ойға алдым сіздер білмейтін шығарсыздар ресторатор деген мамандық қазір заманда дамып әрі тағы дамуда ол мамандықта гостиничный бизнес туризм спорт мамандығы бірге кіреді ол үшін аспаз мамандығын игеруге бел будым .Жаңа жыл қалай бітеді сол мамандығыма ат салысып уақытымды сол жаққа бөлуді шештім.Бәлкім тағдыр кедергі қойып менің күш жігерімді алмақшы болсада мен берілмеймін лидер болудың жаңа тиімді жолдары көп десті .

 Дейл карнеги көмек тесті осы шыңға жету үшін бір ғана кітабы өзгеріске ұшыратты қазір сондай бақыттымын.

 Сіздерге де тілерім бақыт құсы келіп қонсың жандарынызға ,берілменіздер кім не десе мейлі женіліс сәтсіздікке ал мықтылық лидер болуға жетелейді түсігенім бойынша.

 Назарларыңызға рахмет.