Мен бақытты жанмын...
жеке
блог

Мен бақытты жанмын...

Мен бақытты жанмын. Себебі: ата-анам, бауырларым жанымда. Мен олардың барына Аллаға сансыз мадақ, мың да бір шүкір айтамын. Әке, ана – өмірдің мәні де сәні де осылар. Ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі, дәнекері. Бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосады. Ата-ана бала үшін жанын беруге даяр жандар. Бала жанына жанашырлықпен қарап, сәби жүрегіне кірбің келсе ең бірінші ата-анаң шырылдайды,уайымдайды. Осыдан 2 күн бұрын сабақтан үйге келген соң соткам сөніп қалды енді зарядкаға кояйын десем үйде свет жок))) содан кешке дин свет болмай соткам сөніп жатты. Сол арада ауылдағы мамам мен папам кезекпен кезек бірнеше рет телефон соғыпты. Мені ала алмаған соң уайымдап аға жеңгеме звандапты. Бəрін дүрліктіріпті. Менімен күнде сөйлесіп үйреніп қалған. Өзімде сабақтан шыккан соң хабарласу əдет болған. Кейде 'видеозвонокпен'звандап мынау керім болды ғо деп мəз болып жатады. 1 күн звандамай калсам өздері шығып "қызым,неге звандамай жатсың амансың ба?" деп мені уайымдап жатады.Ата-анам менің жарық дүниедегі ең жақыным,жанашырым,қамқоршым,асыл қазынам. Қандай жағдай болмасын, «қызым қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азаматша болсын»деп əрқашан тілеуімді тілеп жүрген асыл жандар. Мені əрдайым қолдап маған демеу болып,жанымнан табылып,мына өмірде адаспай жол табуыма,жетістіктерге жетуіме тілектес адамдар болса,соның бірден бірі "ата-анам".