Алғашқы жазбам немесе өзім жайлы 2
жеке
блог

Алғашқы жазбам немесе өзім жайлы 2

    Өзіңіз туралы айта кетсеңіз?

Менің аты-жөнім Мухамединқызы Фариза. Мен 2001 жылы 4 сәуірде Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келдім. Биыл Жалау Мыңбаев мектеп гимназиясының 11 сыныбына қадам басқалы отырмын. Болашақта әскери дәрігер немесе әскери саланы таңдамақ ойым бар.

    Мінезің қандай?

Мінезім жайдары, ашық-жарқын қызбын. Ашуым тез тарқайды.

   Бос уақытта немен айналысасың?

Бос уақытты тиімді пайдаланбайтын адамдардың бірі менмін. Компьютер, телидидар қарап отырамын. Не бос жүремін)

   Қандай қызықты кітап оқыдың?

Мен кітап оқығанды ұнатпаймын. Бастаған кітабымды аяқтамай тастайтын жаман әдетім бар.( Қарап отырсам массагет қолданушыларының көбісі бос уақытында кітап оқып, әңгіме жазғанды ұнатады екен. Және болашақта таңдағысы келетін мамандығы Журналистика. Ал менікі әскери сала,онша тілге бай емеспін және менің таңдаған салам блог жазуға ешқандай кедергі жасамайтын секілді)

   Бала кезіңізде қандай болдыңыз?

Өте ұялшақ болдым.

   Ұнататын нақыл сөзің барма?

"Білімдінің күні жарық" өте жақсы айтылған сөз.

      Танысқаныма қуаныштымын!

P.S: Бұл блогты екіншірет жазуым, оның алдыңғысын байқамай кетіріп алдым.