Анашым сен кеткелі

Анашым сен кеткелі
жеке
блог

Анашым сен кеткелі өмір тозды

Əлсіреп,шаршап жүрмін мен келтелеп

Қиналымшыл жүрегім бəрін озды

Өмір ғой деп жүрмін ау жетелеп

Анашым сен кеткелі жанар сөнді

Жылайды ғой жүрегім күнде-түнде

Оралмайсыз деуге енді үміт көнді

Ұстай алам жай ғана жалған түсімде

Анашым сен кеткелі қиналамын

Есіме жылап мен, жиі аламын 

Аңсап жүрмін,иісіңді сағынамын

Сынақтарға төзейінші жалынамын

Жүрегімнің жақұттысын жұлып кеттің

Сұққан пышақ секілді қансырайды

Мына мені кімге сеніп тастап кеттің?

Жүрегім сені ғана сұрайды

Жоғалдыма құшағыңда жатқаным?

Ыстық көңіл қайда кетті?

Қайда кетті сезімге сонша батқаным?

Барлығыда қолымды бір сілтетті

Ұрысқанда ренжіп қана кетушем

Өкінемін соны ойласам күрсіндім

Уақыт өте құшағыңа жетушем

Кеш түсіндім,анашым,кеш түсіндім