Жаңа технологиялар заманы

Жаңа технологиялар заманы
жеке
блог

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар жүзеге асатын ғылыми-білім беру және инновациялық ірі орталық. Президент Жолдауында қойылған тапсырмалар: әлемнің үздік ЖОО-лары рейтингісіне ену, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижесін өндіріске енгізу университет үшін басты бағыт болып табылады. Осы мемлекеттік маңызды тапсырмаларды жүзеге асырудың және ҚазҰУ-да жаңа заман университетін құрудың методологиялық негізі ретінде биылғы жылы «Al-Farabi university smart city» бірегей ғылыми-инновациялық жобасы бастау алды. Жаңа үлгі негізінде ұлы ойшыл әл-Фарабидің қайырымды қала туралы ілімі жатыр. Технологиялық және рухани-адамгершілік тұжырымдардың бірігуі нәтижесінде ғылыми, білім беру және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін заманауи тәсілдер қолданылатын болады.

ҚазҰУ-дың тағы бір көлемді жобасы – «Алатау» инновациялық технологиялар паркімен әріптестік арқылы іске асатын «Инжиниринг және ғылымды көп қажет ететін технология» инновациялық кластерін жасау. Технопарктің, бизнес-инкубатордың, өндіріс орталығының, ҒЗИ зерттеу корпустарының және 1500 орынды студенттер мен жас ғалымдарға арналған ыңғайлы жатақхана құрылысына 9,5 млрд. теңге қаржы құйылады. Жобаның мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізгенге, жоғары технологиялы трансферті және ғылыми-инновациялық қызметтегі коммерциализациялауда, ғылымның интеграциясы, білім беру және ұлтаралық деңгейдегі инновациялық өндірісте заманауи инфрақұрылым жасау.

 

Авторлар: Алимбаева Б.К., Телғожаева Ф., Кабдрахова С.С., Закариянова Н.Б.