"Қатыгез кəрістер" немесе "Жазығым не?"
жеке
блог

"Қатыгез кəрістер" немесе "Жазығым не?"

Ол кезде мен төрт-бес жасар қыз едім. Əлі есімде, бізбен көрші тұратын кəрістер болатын. Бір күні олар біздің үйге əлдеқандай бір ит əкелді. Ит сондай əдемі, сүйкімді еді. Мен оны көріп қуанып кеттім, іштей: "Алақай, енді біздің екі итіміз болады!"- деп ойлап тұрдым. Алайда, бұл ойым бекер боп шықты. 

Құдай ұрған кəрістер бірнеше сағаттан соң байлаулы тұрған жазықсыз итті қапқа салып, өздерінің сарайына алып кетті. "Неге əкетті? Мүмкін, оған тамақ беретін шығар. Əлде өздері асырамақ па?" - деген оймен мен мұңайып қалдым. Содан соң : "Жоқ. Бұлай болмайды. Мен олардан бұл итті сұрап алып, өзім асырайын," - деген шешімге келдім. 

Бірақ сарай алдына барғанмен, кəрістер мені ішке кіргізбей, есікті жауып алды. Сəлден соң иттің қыңсылаған үні естілді. Құлақ тігіп... жоқ, құлақ тікпей-ақ тыңдадым. Бір нәрсенің дүрсілдеген дыбысы естілді, бұл зат дүрсілдеген сайын иттің де қиналған қыңсылы жиілей түсті. Менің де жүрек соғысым жиіледі, көңілім босап, итті аяп, жылай бастадым. Тынбастан дүрсілдеп жатқан балта екені анық еді. 

Ит сонда: "Құтқарыңдаршы, көмектесіңдерші! Мені неге қинайсыңдар? Жазығым не?" - деп жатқандай еді. Оның қыңсылынан мен де қиналып кеттім. Тәуекелге бел буып, есікті қақтым, ешкім ашпады. Иттің қыңсылы əлі де басылған жоқ: "Кім бар? Көмектесіңдер!.. Ауырды ғой... шаппаңдаршы мені, " - деп жатқандай  шырқырап, тоқтаусыз қыңсылады. 

Мен есікті қос қолдап, бар күшімді салып соққылай бердім.

- Ашыңдар есікті, жіберіңдер оны, - деп жылай бердім. Итке деген аяныштан тамағымды бір өксік түйреп алды. 

Бір кезде кəрістердің біреуі есікті ашты да, "кет" - дегендей мені итеріп жіберді. Сонда да мен кетпедім. Жылап, есікті қағып, - Жіберіңдер итімді, - деп айғайлай бердім.

Бір кезде ит қыңсылы басылды, мен де жылауымды тоқтаттым. 

Кəрістер қанға боялған қапты алып, тысқа шығып кетті. Мен итке көмек бермек болып, ішке асығып кірдім. Сөйтсем кеш қалыппын... Сарай ішінде жұмылмаған көздерімен əлгі иттің басы маған "Жазығым не?" дегендей қарап жатты. Сонда оны құтқара алмағаным үшін өзімді кінəлі сезіндім. "Мұншалық қатыгез болуға бола ма? Оны неге аямады екен? Оның жазығы не? Ит етін жемесе болмас па еді?" - деген сұрақтар əліге дейін көкейімде қалып қойды. 

Расында, олар сондай қатыгез еді. Иттің жазығы не?

Оқиға 2006-2007 жылдары Састөбеде болған.