Бұл байқау «Әлемдік мәселені» шешуге арналған байқау!

Бұл байқау «Әлемдік мәселені» шешуге арналған байқау!
жеке
блог


Бүгінгі күн  өзгерістердің бастау алған күні!

98

    Мен Мұятов Даулетбақ Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылының тумасымын. 1998 жылы 31 тамызда осы ауылда дүниге келдім. 

       Өмірлік ұстанымым: «Жаныңды қина, мұратыңа жет!» Өмірде өз еңбегіңмен жеткен мақсаттан артық жеңіс жоқ деп есептеймін!

        Еңбегін аса қатты бағалайтын, оның ұстанымдарымен жүретін сүйікті  тұлғамСтивен Джобс. Барлық уақыттың, барлық ұлттар мен халықтардың  инноваторының өмірге деген көзқарасы, мені әрқашан алға жетелейді, жігерлендіреді. Ол көзқарас мынадай: «Сіз өскен сайын сізге: «қазіргі өміріңіз қандай болса, шынайы өмірде сондай, сол себепті сол шеңберде, өмір заңдарымен тіршілік етіңіз», - дегенді  жиі айтады. Мұндай өмір тым шектеулі. Өміріңізді әлдеқайда жарқын, қызықты етуіңізге де болады. Егер сіз бір қағиданы ұғынсаңыз. Ол қағиданың сыры мынада. Сіздің өмір деп атайтыныңыз, айналаңыздағылардың барлығы сіз секілді қарапайым жандардың арқасында қалыптасқан дүниелер.Сізде дәл солар секілді барлығын өзгерте аласыз, әлемге әсер ете аласыз, өзіңіз қалаған затты ойлап таба аласыз және өзгелер оны қолданатын болады. Ең бастысы  өмірде жай тіршілік ету жеткіліксіз. Өмірді ұғынып, онда өз ізіңізді қалдырып, оны өзгерту қажет. Егер  мұны ұқсаңыз, сіз ешқашан бұрыңғыдай болмайсыз!»

     Менің хоббиім әлем әдебиеті жазушылары мен психолог, ораторларының туындыларын оқу,олармен жұмыс жасау. Өзімді жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін ой жүйріктігін, сөз шеберлігін, сана бостандығын арттыру. Жалпы айтқанда менің хоббиім өзімді жан жақты ету.

    Бос уақытымда  Массагет порталындағы жаңалықтарды қараймын. Спорт, технология жаңалықтарына шолу жасаймын.  Одан бөлек әлеуметтік желілерде достарыммен араласамын, пікір алмасамын.

         Байқауға қатысуымның себебі мақсат қоя отырып болашағымды басқара білуге үйрену, осы саланы меңгеру.

      Алдағы уақытта Массагет порталы оқырмандардың теориялық дедукциясын арттыратын жарыстар ұйымдастырғанын қалаймын. Мысалы берілген суреттегі жұмыс үстелі үстінде тұрған заттарға қарап адамның қандай кәсіп иесі екенін анықтау немесе сандық кодпен берілген сөздерді шешу т.б. Ол оқырманның аңғарымпаздығын, логикасын дамытады деп есептеймін.

           Бұл байқау «Әлемдік мәселені» шешуге арналған байқау деп есептеймін. Неге «Әлемдік мәселе»? Қалай ойлайсыз? Брайан Трейси өзінің «Жетістік психологиясы» («Психология достижений») кітабында әлемдегі адамдардың тек 3-5%  алдына анық мақсат қоятынын, ал оның 1% ғана күнделікті мақсаттарымен жұмыс жасайтынын айтады. Әлемдегі табысты, бай жандардың барлығы алдына мақсат қоя білетін, мақсаттарымен жұмыс жасай білетін жандар. «Неге біреулер табысты, ал енді неге біреулер керісінше?» деген сұрақтың жауабы да осы мақсатта жатыр. Бұл байқау өте жоғарғы бағаға ие деп санаймын. Барлық байқау қатысушыларын алдағы уақыттағы мақсаттарының арқасында,  әлемнің табысты жандарының 1%-дық  қатарына қосылатынына сенемін және құттықтаймын! Сіздер болашаққа үлкен қадам жасадыңыздар!

P.S. Массагет порталына осының барлығын ескере отырып байқау жариялағаны үшін алғысым шексіз!