«Барыс» Астанада «Ақ Барысты» жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Астанада «Ақ Барысты» жеңді (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын Астананың «Барысы» өз алаңында Қазанның «Ақ Барыс» клубын ұтты. Ойында 3:1 есебі тіркелді.

БӨЛІСУ

«Барыс» қонақтарға қарсы ойынды ширақ бастады. 7 минутта Роман Старченко есеп ашып, қазақстандық клубты алға шығарды. Сондай-ақ, «Барыс» жейдесінде құрлықтық хоккей лигасындағы 100-ші голын соқты.

Араға 6 минут сала қазандық клубтың ойыншылары таразы басын теңестіріп кетті. Ойындағы хоккейшілер басымдығын сәтті пайдаланған Михаил Варнаков шайба авторы атанды. Ал оның гол соғуына Маттиас Шегрен мен Джастин Азеведо көмектесті.

26 минутта «Барыс» капитаны Брэндон Боченски командасын алға шығарды. Мартен Сен-Пьер мен Найджел Доустың өзара түсіністігі команданың алға шығуына септігін тигізді. Евгений Рымарев есепті 3:1-ге жеткізгеннен кейін «Ақ Барыс» ойыншылары алға ұмтыла түсті. Үшінші кезеңнің соңында қақпашыны алмастырып та алаңға шықты.

Өз кезегінде «Барыстың» ірі есеппен жеңуіне де мүмкіндігі болған. Алайда пайдалана алмады. Ойын соңына дейін таблодағы есеп сақталып, Ерлан Сағымбаев шәкірттері жаңа маусымдағы үшінші жеңісін тойлады. 

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар