«Қайрат» бірінші ойында «Бордоға» есе жіберді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» бірінші ойында «Бордоға» есе жіберді (видео)
Фото ©️ vk.com

Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясындағы бірінші ойында «Қайрат» Францияда «Бордоға» бір доп айырмасымен есе жіберіп алды. Қарымта ойын бір аптадан кейін Алматыда өтеді.

БӨЛІСУ

Владимир Вайсс жаттықтыратын қазақстандық клуб қарсыластарына айтарлықтай қауіп төндіре білді. Бірінші таймды ашық шабуылдаумен бастаған командалар гол соғуға ұмтылды. 27 минутта Хазридің шиіре тепкен добына «Қайрат» ойыншылары тосқауыл бола алмады. Нәтижесінде «Бордо» ойыншысы командасына жеңіс сыйлаған голды соқты.

Екінші таймды да қос клуб ширақ шабуылдармен өткізді. Исаэль өзіне берілген бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмаса, Владимир Плотников қақпасын бір ретте қақпа бағаны голдан құтқарып қалды. Солтүстік Ирландиядан келген бас қазы Арнольд Хантердің де бірнеше рет қателікке жол бергені байқалғандай болды. Енді топтық кезең жолдамасы 27 тамыз күні Алматыда шешілетін болады.

Кездесу статистикасы:

Голдар: 1 — 0
Қақпаға соққы: 14 — 8
Қақпаға дәл соққы: 5 — 2
Қақпа бағаны: 1 — 0
Шабуылдар: 42 — 23
Бұрыштама: 3 — 3
Офсайдтар: 1 — 2

«Бордо» (Бордо, Франция) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 1:0 (1:0)
Гол: Хазри 27 (1:0)
Ескертулер: Крвиелли 89 — Исламхан 45, Риера 79, Тимощук 84
«Бордо»: Прьор, Контенто (Пундже 14), Паллуа, Ямбере, Жильбер, Траоре (Морис-Беле 71), Поко, Хазри, Ролан, Севе, Кизе-Телин
«Қайрат»: Плотников, Бруно Соарес, Гурман, Қуантаев, Қуат, Бакаев, Исламхан (Сержиньо 68), Исаэл, Тимощук (Рудосельский 90), Гоу, Риера (Деспотович 83)
Бас төреші: Арнолд Хантер (Солтүстік  Ирландия)
20 тамыз. Бордо. «Стад Бордо-Атлантик».