Ордабасының ортаны бұзуы

Ордабасының ортаны бұзуы
жеке
блог

 Биыл кескілескен чемпионат болады. Осы бір емес, екі емес алты үміткер бар. Осындай чемпионатта Батыстан біреу, Оңтүстіктен екеу, Ал Солтүстіктен үш клуб бар, чемпиондыққа басында екі комада болған, бірі Ақтөбе, екіншісі, Ордабасы әнгімеміз сол Ордабасыда болсын.

Бірінші кезекте, Ордабасы биыл жақсы күшейді. Мықты шабуылшыларды тізбектеді. Орталық қорғанысқа екі мықтыны қойды. Қақпада Шайзада, Сейсен бар, ал қорғаныс Малый, Ерланов, Сұлтанбек пен Суюмбаевқа тапсырылды. Осындай керемет құрамды жинады. Бірінші кезекте Ордабасыдан талантты ойыншы Елхан Астанов кетті. Жақсы ойыншы өз орның Астанада іздеуге кетті. Бауыржан Исламханға көз тіккендер көп болды. Барлығы Бауыржан қай клубтың жейдесін киеді деп жүргенде, Ордабасы клубы жақсы ұсыныс тастап сол жаққа ауысты. Командаға Тобылдан екі ойыншы келді. Бірі Сергей Малый, Ал енді алыстан тепкісі келіп тұратын Асхат Тағыберген, командаға қосылды. Ал енді ойласақ ана жылы банкрот болуға сәл-ақ қалған клубта, биыл кілен қазақ футболының жауһарлары доп тебеді.

 Екінші кезекте, ана жылы бүкіл ойыншылары өз жалақыларын ала алмай қиналды. Бірақ биыл Ордабасы, жақсы команда болып құрылды. Ойыны жақсарды, кеше ғана команда өзінің негізгі қарсыласы Тобылды 4-1 қылып жеңді. Себебі, басшылық жақсы жұмыс жасады. Команда ойындарына және ішкі атмосферасына көңіл бөлді.Биыл команда керемет ойыншыларға бай болып тұрғанда, неге чемпиондыққа таласпайды. Иә командалық ойын қалыптасып ұзаққа шыдайтын футболшылармен жақсы жұмыс істесе, және бапкерге үлкен үміт артса жақсы болар еді. Әйтпесе уақыт өте бапкер тұрақтамай кетеді. Ал бірақ, Ордабасы осы нәрседен аман өтсе, команданың үлкен жеңістері алда.

Қортындылай келе, клубтағы қиындыққа қарамастан ана жылы жастармен жақсы өнер көрсетті. Кубоктың иегері атанып, өзінің жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Ендігі кезек, клубтың басты ойыншыларында, Ақтөбемен, Астананың ортасын бұзатыны анық, командағы әйтеуір соңғы ойындардағы жағдайы тұрақты болса, жеңіске жетуін тоқтатпаса, онда жақсы жетістіктер алдымызда күтіп тұр. Ел футболыныңа Ордабасының қосатыны зор.