Бала буллингтің не екенің қайдан біледі?

Бала буллингтің не екенің қайдан біледі?
жеке
блог

Өз сезімін өзгелерге буллинг жасау арқылы көрсететін балалардың сенімсіздігі қайдан пайда болады?Буллинг көбіне оқу орындарында жиі болып тұрады. Бұл таңғаларлық жаңалық емес, бірақ өзгелерді кемсітуді, ренжітуді бала қайдан біледі? Баланы осындай қатігездікке апаратын бірнеше факторлар бар:

1. Ата-ананың балаға мүлдем көңіл бөлмеуі

2. Баланы басқалармен салыстыру арқылы оны кемсіту, еңбегін бағаламау.

3. Үлкендердің үйде басқаларды жамандауын көру, есту

4. Шектен тыс еркелету                                                                                                                                    Қысқасы қандай жағдай болмасын, бала өз-өзіне сенімсіз. Өзі секілді басқа да, әлсіз балаларды кемсіту арқылы ол өзіне деген сенімділігін арттырады.Яғни,сол нәрсені жасау арқылы ләзаттанады. Жәбірленуші осындай қысымға шыдай берсе, физикалық тұрғыдағы буллингке ұшырауы мүмкін. Қазір мектептерде психологтар саны көп, бірақ бұл кісілердің тарапынан көбінесе көмек қолы созылмайды. Егер бұл жағдайға назар аударатын болсақ,онда тек жәбірленушіні аяп, жәбірлеушіні жазалайды немесе оқу орнынан шығарады.  Психологиялық тұрғыда екі жақта зардап шекті, бірақ үлкендер олай ойламайды. Ал жәбірлеушінің осындай қадамға не себепті барғаны оларды қызықтырмайды. Баланың үйден немесе мұғалімдер тарапынан көрген зардабының  кесірінен, басқа бала азап шегеді. Бұл заттың шешімі екі жақты түсініп, оларды қолдау керек. Мектептерде буллингтердің азаюы үшін түрлі жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ата-ана мен бөлек жұмыс жасап, ал балаларға түсіністікпен қарап, мейірімді және кішіпейіл болуды үйрету қажет. Дәл уақытында бұл жағдайға көңіл бөлмесе, кейін баланы тоқтатуда қиын, ал зардап шеккен жанды кейін құтқаруда қиын болады. Балалардың мейрімді және кішіпейіл болуы үшін үлкендер яғни,оның ата-анасымен,ұстаздары өздерін солай көрсету керек және баланы әрдайым қолдаулары тиіс деп ойлаймын. Ал сіздердің ойларынызша буллингті қалай тоқтатуға болады?