Тіл- татулық тірегі
жеке
блог

Тіл- татулық тірегі

Біздің әлемімізде қаншама ел бар,әрбір елдің өзіндік ерекшелігі немесе ортақ дүниесіде бар.Ал, ерекшеліктері олардың діндері, мәдениеті,өмір сүру үлгісі,тарихы,киім үлгісі,дәстүрі пен сенімдерінің әртүрлілігінде.Ал ортақтығы деп отырғанымыз не?Әрине,ол ортақ дүние-тіл!Қандай да бір ұлт болмасын,барлығы бір-бірін түсіну үшін бір тілмен сөйлейді.Тіл-қастерлі ұғым,қасиеті шексіз!Ол сәби дүниеге келгеннен бастап,ананың сүті арқылы дамиды.Тіл-біздің ұлттық мақтанышымыз!

  Тіл-әлемге ортақ болғанымен,бәріне бірдей емес.

Біздің тіліміз-қасиетті қазақ тілі!Қазақ тілі-түркі тілдес халықтардың ішіндегі ең сөзге таза, бай тіл!

"Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай,менде де,сізде де,жалпы қазақ бауырларымыздың тілге деген сүйіспеншілігі жоғары болуы,оны сақтай алуы-парыз деп санаймын!

Қазіргі таңда көптеген адамдар осы қастерлі тілдің қасиетін біле алмай жүр.Өзінің ана тілі бола тұра,өзге тілде сайрап жүргенді көріпте жүрміз! Бұл-дұрыспа?

Менің ойымша,әр адам Қазақстан жерінде дүниеге келгеннен кейін,сол жердің қасиетті тілін білу маңызды деп санаймын,дегенмен бұл менің өзге тіл мүлде керегі жоқ дегенімді білдірмейді.Әрине,өзге тіл ді білген мағанда ұнайды,дегенмен өзге тіл деп жүріп, өзіміздің"қасиетті"қазақ тілімізді ұмытып кетпесек болғаны!

Оның үстіне, қазіргі кезде Қазақстанда 132-ден астам ұлт бар,әр ұлтың өзіндік бір тілі бар,бірақ олар Қазақстанда өмір сүріп жатыр,оларға қазақ тілін білу шартпа?!Осы орайда ойымызды бір көкіректік билеуі мүмкін,біздің жерімізде тұрып жатыр ғой,біздің тілмен сөйлесін.Тоқтаңыз,сонда қанымызға сіңген "татулық"деген ұғым қайда қалды? Мүмкін,ол ұлттың өкіліне өз тілінде сөйлеген ыңғайлы болар,қазақ тілін меңгергісі келсе де,меңгере алмай жүрген болар!

  Бір айтпағым, кейде осындай түймедей дүниелерден түйедей дүниені шығарып алып жататынымыз бар.Осындай кезде дереу есімізді жинау керек,ия біздің жерімізде тұрып жатқаныннан кейін,біздің тілімізде сөйлеуі парыз,дегенмен сөйлей алмаса,оған шу шығарып,"біздің тілімізді білу керек"деп міндетсінемізбе? Дәл осындай сәтте бойымызды "көкіректік" деген ұғымнан аулақ ұстап,"татулық"деген ұғымға келейік.Барлығымыз бір аспанның астында тұрып жатырмыз, бөлініп-бөлгеніміз дұрыс болмас!"Бөлінгенді бөрі жейді"дегендей ғой! Керісінше,біз олардың тілін үйреніп көрейік,тіл білгеніміз өзімізге жақсы емеспе?Олардың тілін білу үшін, олардың жерлерінде жүру маңызды емесқой?!Шіркін,барлық ұлт бірін-бірі бөліп,жармай тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін!Біздің тіліміз,өзге ұлттардың тілі-татулыққа алып келуі қажет!Яғни,тіл-татулық тірегі болу қажет!Менің ойым жай ғана осындай,өз тілім үшін барлығын жасай аламын,дегенмен өз тілім үшін,өзге тілге тиіскім келмейді,түптеп келгенде мен-адаммын ғой!Ал,адам міндеті-жай ғана бақытты,қарапайым өмір сүру!

Хмм,мына қыз не дейді,одан "қазақ тілін өркендетудің амалын айтпай ма?"-деп қалмаңыз,бұл менің ойым ғой! Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз"-дейді,қалай болсада,өз болашағымыз деп өзгенің болашағына балта шаппайық!

  Барлықтарыңызды келе жатқан "1 мамыр-Халықаралық бірлік күнімен"құттықтаймын!

Бір аспанның астында,татулықпен өмір сүрейік!