Менің отбасым
жеке
блог

Менің отбасым

Отбасы деген сөзді айтсам, жүрегім елжірей бастайды."Неге"деп сұраудың өзі орынсыз болар.Эх,отбасы деген-менің өмірімдегі ешнәрсеге айырбастай алмайтын жалғыз қазынам,алтын бесігім!Шіркін айта берсем,көпқой... Сіздерге,қысқаша менің шағын ғана мемлекетімді сипаттап берейін.Менің әкем-отбасымның президенті,ал анам болса- премьер министрі!

Отан отбасынан басталады" дейдіғой!Әрқашан бізге кішкентай нәрсеге дейін сүйіспеншілікті үйретіп отырады.Қызық жағдай,ешқашан менің ата-анам бізге ешнәрсеге шектеу қоймайды екен..Өзге отбасылар секілді,"болды ,далаға шықпайсың"деп жазалапта көрмеген.Осы сөздің орайында Антон Макаренконың мына сөзін келтіргім келіп тұр:"Жақсы отбасыда-жазалау деген атымен болмайды.Ал ,бұл -отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы" Бұдан кейін өзге сөзсіз- ақ сіз өзіңіз ойлай беріңіз! "Апасының киген тонын сіңілісіде киеді"-дегендей,алдымда ізеттілікті танытып жүретін апам бар,"менің үлкен екенімді есіме түсіретін" сіңілім мен 2 інім бар! Бұның өзі де-үлкен бақытқой! Мен өз отбасымды мақтан тұтамын!Отбасының тірегі-бірлік,сүйіспеншілік,сенім!Бір-бірін сыйлап , сүйіспеншілік сезімін төгіп отыратын отбасы -нағыз берекелі отбасы деп айтар едім.Тіпті,"отбасы"деген сөздің өзі-"бірлік, сүйіспеншілік"сөздерінен құралған емес пе?!

Бір сәтке ойланып қараңызшы,басыңызда жылы баспанаңыз,жаныңызда демеу беретін отбасыңыз болса,сіз нағыз бақытты жансыз ғой! Қалғанының бәрі -бос қиял, уақытша дүние ғой!Өмірдегі ең бағалы затты -бос қиялға айырбастап кеткен ақымақтар қанша?"Мен бақыттымын "деп айтуыңызға не кедергі?!Қолыңызда бар бағыңыз-отбасыңыздың бақытын,қуанышын бөлісіп,бір дастарханнан ас ішіп, ойнап-күліп отырғанға не жетсін,шіркін!Бос қиялға ермей,отбасымызды қадірлейікші!Айтпақшы,бүгін "7 қыркүйек-Аналар күні"барша аяулы аналарды құттықтай отырып,"менің отбасымның татулығы мен берекесін келтіріп отырған,үйіміздің сәні ,аяулы анам Гүлшатты ерекше құттықтауды жөн көрдім!Біз сізді отбасымызбен жақсы көреміз,ешқашан ауырмаңызшы!Міне,осының өзі сүйіспеншілік емей немене?!