Ұлттық құндылық - мәңгілік ел іргетасы

Ұлттық құндылық - мәңгілік ел іргетасы
жеке
блог

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.

                                Міржақып Дулатов
Керей мен Жәнібек бабаларымыз бастап, ержүрек батырларымыз бен дана хандарымыз жалғастырған, дербестікті қалап, жорықтар жасап,  жерімізді өркендетіп, кеңейтіп берді. Бірақ, қазақтың ішкі түсініспеушіліктеріннің кесірінен орыс патшалығына тәуелді болып қалдық десем қателеспеспін. Солай бір мезетте асықпай дербестігімізден айырыла бастадық . Бәріміз білетін Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы  алуан оқиғаға , ең алдымен Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы - Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Ата-бабаларымыз тәуелсіз боламыз деп, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетуге бүкіл күштерін салғаны бәрімізге мәлім. 1917 жылы қазақтар Ақпан буржуазиялық демократиялық  және Қазан социалистік ревалюциясы секілді екі төңкерістің куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 31 жыл толды. Бірақ, біз бұл жеңістен  «неден ұттық?  Неден ұтылдық?»

     Алматы қаласындағы Панфилов саябағында әлі күнге дейін «Велика Россия, отступать некуда позади Москва» - деген Кеңес өкіметінің ұранына ұқсас сөздері жазылып тұр. «Тәуелсіздік алдық» деген аты ғана болмаса, әлі күнге дейін сол бір орыстарға тәуелді екенімізді білдірудеміз. Ресейдегі проблемалардың кесірінен Қазақстанды ел құрлы көрмейтін, келе салсымен төр менікі деп жатқан, біздің қандай деңгейге түсіп кеткенімізді көрсетіп жатқан адамдар көбейіп кетті. Сол бір мәселенің кесірінен біз өзімізді түсірмей, керісінше осы жағдайларды қозғау арқылы мұратымызға  ұмтылуымыз керек.

  Ол мақсатымызға қалай жетеміз және қай кем тұсымызды дамытуымыз қажет ?         Біріншіден,  дүкендерде  өзіміздің өнімідеріміздің аздығы тікелей дамуымызға  кедергі жасап жатыр. Отандық  өнімнің болмауынан әлемдік аренада біздің бәсекелестік деңгейіміз төмен, әрі экономикамыз тек пайдалы қазбаларға әбден тәуелді.

Екіншіден, өз тілімізді менсінбей,өзге тілді бірінші орынға қоюымыз, қазақ тілін емес,өзге елдің мәртебесін өз елімізде көтермелеуіміз - әлсіреуіміздің басты себебі.

Үшіншіден, отандастарымыздың  бұрынғы КСРО заманындағы ойлау қабілеттерімен жүруі жан түршіктірер жағдайларға алып келуде. Мысалы: тілін, дінін, мәдениетін ешқандай басқарусыз ұмытуы, өмірге деген мақсаты жоғалуы, мемлекеттегі бір қалыпты өмірге үйренуі осының айғағы. Сөзге  шешен, іске жоқ болуы, бәрін жоғарыдағыларға іліп беріп, өздері жайбарақат қарап отыруы мәселенің азаймай тек көбеюіне алып келуде .

Төртіншіден, ақыл ойдың ағылуы. Мұның себебі, көптеген жастар өз Отанынан кетіп, шет елдерге біржолата көшуі, әсіресе олардың ішінде басымы білікті, білімі жоғары жастар. Әрине бұның нәтижесінде елімізде білікті жас мамандар азайып, болашақта еліміздің дамуы төмендейді. Онымен қоса, жастар азайғандықтан болашақта қарттар үлесі көбейіп, еңбекке жарамды халық үлесі төмендеп, қайтадан экономикаға кері әсерін тигізеді және нәтижесінде ұлттың қартаюы деп аталатын үрдіс туындауы мүмкін.

Бесіншіден, мәдениетіміздің құлдырауы. Өйткені жылдан-жылға салт-дәстүрлеріміздің көбі ұмытылуда. Оған қоса шет елдердің ғаламтор арқылы жаһандану жүруде. Алайда осы жаһандану үрдісінің әсерінен ұлттық ерекшелігіміздің жоғалу мәселесі туындауда.

Алтыншыдан, көптің көз жасына қалған  коррупция. Егер де егемен ел болғымыз келсе ең алдымен осы бір жағдайды қолға алуымыз керек. Халықта ақша жағдайымен мәселелер болғандықтан, халық материалды да, рухани да дами  алмайды. Ол факт.

      Ұлт болып қалыптасу - ел болашағы . Әрбір адам ең алдымен өз ұлтының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына естен кетпес тарихымыз бен ұлттық әдет-ғұрыптар көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы өз халқының мәдениетін сыйлата алады.