Қойманы ретке келтіру әдісі

Қойманы ретке келтіру әдісі
Фото: zakulisami.co.il

Кез келген үйге түрлі заттарды орналастыруға арнай бөлме қажет. Онда сіз тез тұзылмайтын азық-түлікті, ас үй техникасын сақтай аласыз.

Айына бір рет дүкенге барып, ұзақ сақталатын тағамдарды алсаңыз, қоймаға орналастырып, қажет кезде тұтына аласыз. Алайда көптеген адам бұл бөлмені дұрыс орналастыра білмейді. Егер ішін ашып қарасаңыз, түкке қажеті жоқ, бұзылған, жарамсыз дүниелерді табасыз.

Сол себепті қойманы орналастыруға арналған кеңестерімізге құлақ салыңыз.

Тәртіп

Егер қойманы өз ыңғайыңыз бойынша орналастырғыңыз келсе, ішіндегі керек емес деген нәрсенің бәрін қоқысқа тастаңыз.

Тазарту

Азық-түлік ұзақ сақталсын десеңіз, қойманың ішін тазартып, ауа өтетіндей ету керек. Бөлме дымқылданып тұрмауы үшін арнайы бояумен бояңыз. Ал егер мүмкіндік болса, бояудың орнына бөлмеге плитка төсеңіз. Сонда қойманы үнемі тазартып тұру да оңай болады.

Вентиляция

Қойманың ауа өткізу қабілеті жақсы болуы керек. Бөлмеге үнемі таза ауа кіріп тұрғаны жөн.

Жарық

Қойма бөлмесі үшін жарық мәселесі де маңызды. Заманауи люминесцентті шамдарды орнатуыңызға болады.

Сақтау жүйесі

Қоймаға бірнеше шкаф немесе сөрелер орнатыңыз. Сонымен қатар сырғымалы есік қойдырғаныңыз жөн.

Сым торда консервіленген азықтар мен үй жануарларына арналған тамақты сақтаған дұрыс. Сөрелердің арасы 30-40 см болғаны абзал.

Бөлу

Кеңістікті ұтымды пайдалну үшін сөрелерді бөліп алыңыз. Жарма, ұн, консервіленген тағам, жеміс-жидек, көкөніс, майларға арнайы сөрелер бөліп орналастырыңыз.

Азық-түлікті дұрыс сақтау

Әр тағамның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Бірінші қатарға жарамдылық мерзімі жақын арада аяқталатын тағамды орналастырыңыз. Жаңа азық-түліктерді артқы қатарға қоюыңызға болады. Тағамдарды герметикалық жабық ыдыста сақтаған жөн.

Орналастыру

Көкөністер мен консервіленген тағамдарды торда немесе төменде тұратын себетке салуға болады. Орталық қатарда жарма, ұнды сақтаған жөн. Ал одан жоғары ас үй техникасын (комбайн, миксер, блендер, т.б.) қойыңыз.

Ф. Абилова