Католицизм

Католицизм
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және Саясаттану факультеті

Дінтану 1 курс студенті: Сихынбай Меруерт

Жетекші аға оқытушы: Тунгатова У. А

www.kaznu.kz

 

     Католицизм

 Католицизм сөзі грек тілінен шығып (жалпы, жалпыға ортақ) деген мағынаны білдіреді. Римдік шіркеуден шығып өзіне тән доктрина мен литургияны, шіркеу құлшылықтарын қамтиды. Бірақта католиктердің басқалардан өзгешелігі Киелі рух, Әке Құдай мен Бала Құдайдан шығады деген негіз бар. Орта ғасырда католиктік қатаң тәртіптегі шіркеу ұйымын құрды. Онда сенім бостандығы мүлдем жоқ етіліп адамзатта ғибратшылдықты, клерикализм және қажымас қайсар шіркеу иерархиясының үстемдігі басым болды. Католикшілдік бірте-бірте ақсүйектік мемлекетке ұқсай бастады. Католикшілдіктің ішкі монархиялық құрылымы шіркеудің өзін нақты адамға бағытталған механизмге айналдырды. Қазіргі католицизм христианшылдықтың ең ірі, ең көп таралған бағыты. Католиктік наным Италия, Испания, Бельгия, Франция, Австрия, Польша, Словакия, Венгрия, Хорватия, Литва, Шығыс Латвия, Латын  Америкасы мен АҚШ таралған.

· Индульгенция- Католикшілдікте күнәдан арылу идеясынан индульгенция ілімі, күнәдан және дүниелік азаптан құтылу, крест жорығына қатысу, белгілі уақыттарда құрбандық шалу, құлшылықтар, қасиетті жерлерді зиярат жасау формасында болады. Индульгенция рәсімі папаның бекітуімен іске асады. Бұл жағдайда күнәдан арылу мен азап шегу белгілі мерзімде 40 күнге созылады. Оның ең жоғарғы мерзімі 150 жылды қамтиды.

· Еретик- (таңдау, бағыт) Ортағасырлық шіркеу ілімдеріне толық сәйкес келмейтін діни топтар. Шынайы діни ілім деп есептейтін нәрседен ауытқуы діни ілімге басқаша көзқараспен қарауы. Жолдан таюшылық әрқашан дерлік христиан дінін еркін қабылдағаннан кейін толықтай бастартуды білдіреді, ал бөліну догматикалық негіздер бойынша міндетті емес, шіркеу бірлігін бұзу болып табылады.

· Епископ- (қамқоршы) Шіркеудегі қасиетті халияның ең жоғарғы дәрежесі, диакон мен пресвитерден кейінгі діни қызметтің үшінші дәрежесі. Епископ апостолдардың мұрагері болып табылады, шіркеудің барлық жеті қасиетті рәсімін орындауға рақымдылықпен толтырылған өкілеттікке ие, тағайындау рәсімінде шіркеуді басқарудың рақымын алады.

· Құдай әке- Христиандық үштік теологиясында Әке Құдай киелі үшбірліктің бірінші және басты себепкері. Сонымен қатар періштелер туралы, адамдар туралы, жануарлар, өсімдікдіктер, материалдық заттар мен элементтер туралы барлық жаратылыста және одан кейінгі индустрияда үшбірліктің барлық үш гипостазасы әрқашан бірдей қатысады. Құдай әке- тумағанда, туылмағанда ол көзге көрінетін, көрінбейтін әлемді жоқтан жаратып, Адам мен Еваны жаратты.

· Құдай ұлы- христиандық теологияда үшбірліктің екінші тұлғасы. Үшбірлік ілімі Исаны инкарнация ретінде анықтайды, бірақ Құдай әкеге және Киелі рухқа қатысты жеке түрде ерекшеленеді.

· Сабор- қала немесе монастрдің негізгі ғибадатханасы, сондай-ақ жоғарғы діни қызметкер: патриарх, митрополит, архиепископ, епископ сот дінбасылары орындай алатын бөлімнің бас ғибадатханасы. Епископтың нафедрасы орналасқан шіркеуді атайды.

· Архиепископ- (қадағалау, қамқоршы) жетекші аға епископ. Шіркеулерде епископтың құрметті атағы.

· Инквизиция- католик шіркеуінің жанындағы бидғат пен жолдан таюшылықпен күресу үшін жазалаушы орган, ол еркін ойшылдарға қарсы шіркеу зорлық- зомбылығының символы болды және қоғамның ағартушы бөлігі арасында танымал болды.