"Зобалаң замандағы зиялылардың мәнді жазбаcына шолулар"

"Зобалаң замандағы зиялылардың мәнді жазбаcына шолулар"
жеке
блог

Заманым-ай...

Қаншама елге сөзі өтімді, дана, мысты азаматтарды өзің өмірдің лебімен ұшқан сағымындай алып кеттің, зама-ай... Байқап қарасақ, қаншама зиялы азаматтар елі үшін жанын құрбан еткен. Өз ғасырында болып жатқан көңілге кірбің ұялататын зілді мәселелерді шамасы жеткенше, астарлап та, анық етіп те жеткізе білді. Менің пікірімше, барлық зиялы ұлт азаматтары осындай сұрапыл дәуірде тек елінің, қазақ қандастары үшін ғана қайраттанып, шырылдады!

Сондай азаматтардың бірі де бірегейі, қазақтан шыққан алғашқы заңгер және құрметті ел азаматы – Бақытжан Қаратаев. Менің танымымдағы ақпараттар бойынша, әртүрлі қазақ газет-журналдарының басылып шығарылуына үлкен септігін тигізген екен.

Бақытжан Қаратаев өзінің эрасындағы әртүрлі халыққа зияны келіп жатқан проблемаларды жиі талқылып, көтерген. Өйткені ол кісінің бір ұтымдылығы – Думада немесе әртүрлі съездерде сөз сөйлеп, пікір білдіруге деген мүмкіндігі болды. Нақ осы сәттерін елінің қалаулы жанашыры қолынан келгенше пайдаланды. Және менің жүрегімді бірден елжірете білген сөзі де бар. Ол 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзі мен қазақ баспасөз тарихында елеулі орын алатын «Орал» газетіндегі «Ашық хатының» ұштасып келіп, осындай қоғам қайраткерінің халыққа, депутаттарға рухты үндеуі еді. Бұл деген үлкен тарихи сәттер ғой...

Бұл «Ашық хаттың» негізгі мәселесі жоғарыда айтып кеткендей аграрлық дағдарыс туралы, қазақ жерлеріне әртүрлі аймақтан ұлт-өкілдерін ұоныстандыруы, халықтың надандығын пайдалана қойып, олардың титімдей ғана жерлері болса да тартып алу туралы проблемаларын жолдаған. Және  маған өте қатты ұнаған фразалар да болды, яғни, қырғыз-қазақ халқының даму сатысы өте төмен екенін біле отыра, осындай арамзалықпен зорлық көрсетудің еш мәні жоқ екендігін түсіндіруі өте керемет көрініс. Кез-келген тұлға мұндай батыл қадамға бара қоймас!

Бұл «ашық хаттың» тарихы біз үшін өте тереңде болуы хақ. Дәл осы ақпараттар көп жерде айтыла да, жариялана да бермейды. Тарихыңа көз сала жүр, замандас!