Қазақ қоғамындағы "әйел" рөлі

Қазақ қоғамындағы "әйел" рөлі
жеке
блог

Әйел-жаны да, болмысы да нәзіктік пен сұлулықан құраған жаратылыс. Алайда керек болған жағдайда кетпендей берік алпауыт күш иесіне айналады. 

Ежелден тарихта дәл осы қыз тағдырына байланысты өшпес таңбалары қалған оқиғаларды шабыттана бейнелеп және ақиқаттың қозғап, қағаз бетіне түсірген ұлы қаламгерлеріміздің шығармаларының өзі сол заманда да қарагөз жеріміздің тағдырлық мәселелерінің өте күрделі болғанның көрінісі.

Ескі көзқараспен дүниетанымның дамымағандығынан,,әйелдің орны қазан-ошақпен бала тәрбиесінің  қарамағында"-деп соқыр ойдың жетегінде жүрген жандар үшін күйінемін.

Қазақстанның дамыған көшбасшы мемлекетке айналуы үшін жасаған тәуекелді құрбандығы нәтижесінде қазіргі таңда өсіп өрлеу дәрежесі артты. Сол секілді  өткен заманның түсінігімен қазіргі ревалюциларға төтеп беру әрі болашақты елестету мүмкін емес.

Ер адаммен әйел баласын салыстырулар нәтижесінде туындап,аса зор өзектілікке ие болған проблемалар тек біздің қоғамда емес бүкіл әлемде белең алуда. Сонымен қатар әр мемлекеттің бұл дағдарыстан шығу жолдары мен тәсілдері сан алуан.

Еркіндігімізден айырылып, өзге елге бодауланғандағы ел тағдырымен қазіргі жарқын болашаққа бастау алған дербес мемлекеттің жағдайын салыстыру мүмкін емес. Сол секілді қолына қаруын асынып өшпес ерлік жасаған немесе үйінде орамалын жамылып жау тілінде қалған қызғалдақтардың заман езгісіне байланысты өмір сүруімен жарқын болашаққа қадам басып,арман мақсаттарына жетуге тырысқан және өз дәрежесі мен қадірін бағалаған қыздарды салыстыру әділетсіз. Баршаға үлгі әпке-апаларымыздың тәрбиелік бағыттан емес өмір сүрудегі мақсаттарында айырмашылығы бар заманауи қазақ қыздарының жаңашыл әрекеттеріне үнемі сыни көзқараспен қарау дұрыс па? 

Әрине, қазіргі таңда өкінішке орай тәрбиелілік пен заманауилықтың тізгінін қатар ұстай алмай, мүлдем өзге бағытқа тағдырын бұрған жастарымыз да жоқ емес. Менің пікірімше, мұндай оқиғалардың туындауының себептері әр түрлі. Мысалы, жаңа өмірге нық қадам басып, өзінің қажырлы еңбегі арқылы мансабы мен молшылығын арттырғысы келген жас қыздардың бұл бет алысына қоршаған ортадағы адамдар тарапынан айтылған теріс пікірлер мен қатты сынау әсерінен психологиялық қиындықтардың жиынтығы осындай оқиғаға алып келуі әбден мүмкін. 

Адамды жынысқа бөліп бағалау мен олардың біреуінің мүмкіндіктерін шектеу қаншалықты әділетті? 

Менің ойымша, қазіргі уақытта әйелдер ерлерден озық жетістікке жете бастауы, ойлауы таяз адамдар тарапына ауыр тиюде. 

Бір сәтке өмірге шынайы көзқараспен қарап, нәзік жандылардың мүмкіншілігін мойындау және қазақ әйелдерінен де дәрежесі жоғары азамтшалардың шығуына қуана отырып үлес қосу өте маңызды. 

Өміріңнің кірленбеген ақ парағына қандай өрнек сызарың тек өзіңе мәлім. Бұл заңдылық ешқашан ер-әйел, деп бөлінген емес.