« Қара мысық»

« Қара мысық»
жеке
блог

Жер - ана қара мақпал шашын жайып, қараңғылық қойнауында енгелі қашан. Шамы өшкен қараңғы бөлмеде жатқан Жаңарды небір ойлар қорқау қасқыр дай қамап алған, маза берер емес. Бұдан өзге жұрт әлдеқашан тәтті ұйқының құшағына енген. Тыныштықты әлсін-әлсін күрсінген қаршадай ғана, өмірге деген өзінше түсінігі бар сүйкімді қыздың демі бұзады...

  Иә, басында бәрі жақсы сияқты еді ғой. Араларынан қандай қара мысық өтіп кеткенін кім білсін? Жоқ, әлде Салтанат екеуі достығының іргетасы осал болды ма?

 Жанар ол десе жаны қалмайтын, ағынан жарылып, жүрек түкпіріндегі сырларымен бөлісетін. Салтанаттың өзгелердің жақсы баға алғандығын да қызғанатынын да біледі, көк тиын аяйтын сараңдығына, ұсақшылдығына, қатыгездігіне бұл күнде еті өліп те кеткен болатын.

 Ал бүгінде Салтанаттың бейнесін көру бұл үшін жиіркенішті. Қалай дос болған? Кейінгі кездері Жанар үшін Салтанаттың шын бетпердесі толығымен ашылған еді.

 Қазір екеуі араласпай ды. Бірақ Жанар осы жайлы күні - түні ойлауын қоя алар емес. Кейбіреулер үшін бұл түк емес те болар. Шындығына келсек, Салтанат бұл жайлы ұмытып та кеткен болар. Табиғатынан сұлулықты, тазалықты, адалдықты ұнататын Жанар үшін бұл тез ұмытылар жайт емес. Салтанаттың бұған істеген қылықтарын былай қойып, достық дегеннің бұл күнде бақыр тиынға тұрмай қалғаны ойлантады. Өкінтеді. Қаракөз ге мөлдір жас келеді, көмейге ащы өксік тығылады...

   Жанар оң жақ қырына аунап түсіп, тағы да ауыр күрсінеді.

  Сенің жаң досың қандай, ол сені түсіне біле ме?