Қарым – қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдаудың негізі

Қарым – қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдаудың негізі
жеке
блог

Менің жасым 17 - де, артқа көз жіберетін болсам, 17 жас та аз жыл емес екендігін байқадым. Талай оқиғалар болды, өмірдің толқынында су кешіп жүрген кемедей болдым. Өмір бірде қуантып, кейде орны толтырылмас қайғы да алып келген кезеңдермен қатар жүрді. Ал, оқиғалар «несімен» келеді. Қарым – қатынаспен, қоршаған орта жандарымен, өзімізге және өзгеге деген көзқарас пен іс – әрекет арқылы келеді емес пе? Міне, адам дүние есігін аша салысымен – ақ қарым – қатынасқа түседі. Яғни, ата – анасы, бауырлары, туысқандары, бір сөзбен ең алғашқы әлеуметтік орта, институт – отбасымен бірге қарым – қатынасқа түседі. Қарым – қатынас адамдардың бір – бірімен түсінісудің, белгілі бір істің шешімін шығарудың  ең негізгі құралы. Адам баласы қарым – қатынас жасамаймын деп айта алмайды, бұл мүмкін емес жол, шешім. Себебі, қарым – қатынассыз еш нәрсе де шешілмейді. Адам баласының өмір сүруінің негізі  – біріне – бірі қайтарған жауабы, қатынасы.

Күнделікті өмірден мысал келтіретін болсам, дүкеннен азық – түлік сатып алу, белгілі бір мекемеге, үйірме орталықтарына бару, білім алу, хат жазысу, лекция тыңдау, кино көру т.б . Бұл өмірде белгілі бір мақсатқа жету үшін, адамдар бір – бірімен қарым – қатынас жасайды, соның есебінен біздің әлем құрылып, жанданып, қайта орнына келіп, күнделікті әртүрлі оқиғалар орын алып жататындығы. Бұл мысалдың бәрі  - қарым – қатынасқа келіп тіреледі. Өмірдегі тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе жүз не жанама не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Яғни, бұл циклді қайталанып отыратын дүние.

Қарым – қатынастың түр – түрі болады. Бірлесіп тіршілік ететін топтардың типтерін көрсететін болсам, топтар:

·        үлкен (макро);

·         шағын (микро);

·         ресми, бейресми, формалы, формалсыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнеше бөлінеді. «Ортақ мақсатқа ұмытылған адамдардың бірлестігі «шағын топ деп» аталады. Осындай топтың барлық мүшесі күш жігері бір мақсатқа бағытталады.» Яғни, адам бір өзі бұл дүниеде ештеңеге де жете алмас еді. Осы жерден «бірлік, ынтымақтастық, топ, орта» деген ұғымдардың шығып тұрғанын байқаймыз. Өмірізде орын алып отырған күнделікті оқиғалар – адам іс –әрекеттерінің жемісі, қоғамның жемісі, көрінісі болып табылады дер едім.

Іскерлік қарым – қатынас кезінде тек өз мүддеңді ғана ойламай, екінші адамның көңіл – күйіне, жағдайына қарайласу абзал. Бұл, ең алдымен  тәрбие, екіншіден, өзара сыйласымдылық, үшіншіден, нәтижелі, еңбекті жұмыс болмақ. Екі жақтың дән риза болып, келісімге келулерінің астарында ертеңгі күні күллі адамзатқа пайдасы тиер жұмыс жатуы мүмкін.

Отбасылық қарым – қатынас – өте маңызды, күрделі аспектлі қатынас. Дәл ос ортада баланың ертеңгі болашақ күнінен бастап, қартайған уақытына дейін есінде қалатын оқиғалар орын алады. Сол себепті де, ең алдымен, отбасының ішіндегі ата – ана рөлі, үлгі болар үлкен аға – әпке рөлі, өсіп келе жатқан кішкене ғана балақанның өміріне айтарлықтай себебін тигізеді. Бала – ертеңгі үлкен азамат, елдің болашағы, отбасының енді бір мүшесі, әр салада өзінің жұмысын шебер орындауы қажет жеке индивид, тұлға емес пе?

 «Ең бірінші қоғамға жақсылық жасаймын десеңіз, отбасыңызға жақсы қарым – қатынас жасаңыз», - дегені бар. Қараңызшы, қандай үлкен мол – тағылым. Қарым – қатынастың мәні зор.

Технология, БАҚ дамыған заманда жүзбе- жүз дидарласу, ым –ишарамен сөйлесу, эмоцияларымен алмасу – жетіспей тұратындай сезім болады. Менің ойымша, бұл қарым – қатынастың мәнінің, құндылығын білдіріп тұратындығында деп ойлаймын.

Өз – өзіңмен сөйлесу, өзіңді тыңдау, отбасыңмен қырым – қатынас жасау, айналаңдағы күнделікті болып отыратын қарым – қатынас түрлері үзіліссіз түрде жүреді. Бұл - күнделікті болып отыратын іс –әрекет.

 

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

Журналистика факультеті

1 – курс студенті