Мәңгілік елім - Қазақстан!
жеке
блог

Мәңгілік елім - Қазақстан!

Тәуелсіздік – туған еліне деген махаббаттың, еңбектің жемісі. Менің отаным Қазақстан 1991 жылдан бері тәуелсіз мемлекет. Әрине осы сөзді қазір мен айтып отырғаным халықтың сан мыңдаған жылдар бойғы тәуелсіздікке деген сенімінің және елін сүйген, жерін сүйген батырлардың қаны мен терінің арқасы. Мен осы қазіргі заманның адамы болсамда Тәуелсіздіктің бізге қандай үлкен қиындықтар мен келгенін тарихтан білемін. Және қазақ елінің тәуелсіздігі үшін алғашқы қадамы 15-інші ғасырдың ортасынан бастап  жасалды. Керей мен Жәнібек хандар қазақ хандығын құрған кезден бері 1991-інші жылға дейін қаншама аға, әпкелеріміз елді жаудан қорғап еңбек етіп, бар өмірін тәуелсіз ел болуға арнады.

1731 жылдан басталатын жаңа күресте ел үшін, жер үшін жанын қиған батырларымызда қаншама. Ешкімге бағынбайтын жеке ел болуымыз үшін алдыңғы орында ерең еңбегімен шыңғыс ұрпақтары тұр деп ойлаймын, себебі Орыс үкіметінің саясатына, елді отарлауына қарсы күресті алғаш сұлтандар басқарды. 1783-інші жылда алғаш Сырым Датұлы орыс билігіне тәуелсіздік үшін қарсы бас көтерді. Батырдың ізін жалғап көп ұзамай Ресей отарлауына қарсы Исатай мен Махамбеттің, Жоламан Тіленшіұлының көтерілістері болып өтті. Ең үлкен үш жүзді қамтыған орыс билігіне тәуелсіздік үшін күрес 1837 жылы болды. Күресті Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы басқарды. Бертін келе қоғам дамуына байланысты Орыс отарлауының салдарынан 20-сыншы ғасырда қазақ елі не көрмеді, үш рет революция болды, екі рет ашаршылық болды, екі рет дүниежүзілік соғыс болды, ең сорақысы қазақ елінің басына бақ болып туған қаншама білімді азаматымыздан айырылдық. Ал біздің қазіргі бейбіт күндеріміз үшін жасалған ең соңғы және ең қанды тәуелсіздік жолындағы күрес 1986 жылы болып өтті. Бұл оқиға елдің қабырғасын қайыстырған ауыр жағдай еді. Тәуелсіздік үшін жазықсыз құрбан болған боздақтар әлі күнге дейін елдің жүрегінде. 1991 жыл 16 желтоқсанда "Біз тәуелсіз елміз" деген жаңалықты естіген күн тарихта алтын әріптермен жазылған қуанышқа толы күн болды.

 

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Ендіктерді аралап еркін дүбір, 

Алаулатты керемет көркіңді нұр. 

Алақайлап аспанға атып тұрып, 

Берекелі бастағы бөркіңді бір... 

Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! 

Қазақ елі азат, 

Қазақ жері азат, 

Қазақ ері азат, 

Бұдан нұрлы шақ бар ма? 

Бұдан асар бақ бар ма? 

Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! 

Әдіптеді арманды әуелгі үміт, 

Кекете алмас қазақты жау ел күліп... 

Тәуелсіздік туындай биік еңсең, 

Кетті бүгін келмеске тәуелділік... 

Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! 

Төрт түліктен майысып арқа, белдер, 

Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер... 

Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін 

Танығысы келмейтін тарпаң елдер... 

Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!  

деп Базарбай Исаев жырлағандай елде сол кезден бастап нағыз бақыты өмір басталды.

    Міне биыл осындай ауыр күндерді еңсеріп қазақ деген атты әлемге танытып келе жатқанымызға 30 жыл толып отыр. Қарап отырсам 30 жыл ішнде жеткен жетістіктеріміз, тұтас ел болып бағындырған белестеріміз жетерлік екен. Әрине, Аллаға шүкір деймін және осындай тәуелсіз елде өмір сүргенім үшін қайтпас қайсар бабаларыма алғыс айтамын. Тәуелсіз ел атандық, бұл дегеніміз бізді алда ауыр еңбекке толы күндер күтіп тұр деген сөз еді. Қайтсем мықты ел боламыз, қайтсем халқым бақытты өмір сүреді деген ойлар еліміздің зиялы қауымының басты міндеті мен мақсаты болды. Тәуелсіз мемлекетті тұғыры биік ел қылу жолында түрлі стратегиялар жолға қойылып, көптеген жобалар іске асырылды. Мен қазір нық сеніммен бұл мақсат пен міндет орындалды деп айта аламын. Оған Қазақстанның  қазіргі бейнесі мен менің әр атқан шуақты таңым куә. Бұл орайда болашақ үшін салынған алтын көпірдің бір бөлігі тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясын айтып кеткім келіп отыр. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.

    Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десем қателеспеймін. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткізген асуы.

 Маған өмірімдегі ең қымбат дүние – туып өскен отаным. Себебі бұл дүниедегі әр адам ана-анасыз өмір сүре алар, бірақ отансыз ешқандай адам өмір сүре алмайды. Адам үшін бұл өмірдегі ең үлкен сыйлық жақындарыңмен бір ұлтың азаматы ретінде өмір сүруің. Ал маған Тәңірдің берген сыйы өте  қымбат екен, өйткені менің, мені қорғай алатын Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген отаным бар. Аналардың жанарына жас берген тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп тілеймін!