Білім әлеміне ашылған терезе.«Айқап» журналының шыққанына 110ЖЫЛ

Білім әлеміне ашылған терезе.«Айқап» журналының шыққанына 110ЖЫЛ
жеке
блог

               XX ғасырдадың басына қарай Қазақстанда ұлт зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың көп бөлігі еуропаша білім алғандар еді. 1905-1907 жылғы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түркі халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Туып келе жатқан буржуазияның орыс буржуазиясымен бәсекесі, сонымен қатар, шетел капиталының енуі білім беру мен баспасөз саласын дамыту қажеттілігін туғызды. Сөйтіп 1905 жылы Ресейде баспасөз бостандығы жолындағы күрес жеңіске жетті де, Ресей тарихында газеттер мен журналдар тұңғыш рет еркіндікке ие болды.

               1905-1907 жылдардағы революция кезінде түркі халықтарының баспасөзі кеңінен таралып,  қоғамның мейлінше әр алуан топтары мен таптарының мүдделерін білдіріп отырды. Қазақстанда белгілі бір сарында социал-демократиялық, революциялық-демократиялық, либерал-буржуазиялық  және клерикалық-монархиялық сипаттағы басылымдар шықты. Ресми емес қазақ басылымдарының қалыптасуына елдегі болып жатқан жалпы азаттық қозғалыстың әсері зор болды.  1907 жылдардан бастап қазақ тілінде «Серке», «Қазақ», «Дала» секілді көптеген газет-жулналдар дүниеге көп қиындықпен келгеніне қарамастан, бірін Цензура қауіпті деп тауып, бірін жұртшылықтың талап тілегін қанағаттандыра алмайды деген желеумен аз уақыт ішінде жауып тастап отырды. Сондай баспасөздер қатарына ұзақ уақыт күш-жігер мен аянбай етілген еңбектің нәтижесінде тұңғыш қазақ журналы- «Айқап» қосылды.

               1910 жылдың аяғында ұйымдастырушы, баспагер, идеялық басшы және редактор, сол кездегі педагог, ақын, қоғам қайраткері – Мұхамеджан Сералин   журнал шығаруға рұқсат алды. Ресми құжатта : «Қостанай уезінің Шұбар облысы №5 ауылының  қазағы М.Сералинге ай сайынғы «ЭЙ-Кафь» журналын шығаруға рұқсат берілді»,- делінген.   Осылайша прогресшіл-демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңмаған арманы орындалды:1911 жылы 10 қаңтарда Троицк қаласында қазақ тарихындағы тұңғыш ұлттық  журналдың алғашқы нөмірі шықты. «Айқап» патша өкіметінің реакциясынан кейін  қазақ қоғамын оятты, ал «Қазақ» газеті оның жақсы дәстүрлерін жалғастырып, ұлттық баспасөз деңгейін биікке көтерді.

110 жылдық тарихы бар «Айқапта» М.Сералиннен басқа Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин,С.Торайғыров секілді рухани жетекшілер көш бастап, М.Ж.Көпеев, Б.Сыртанов, С.Лапин сынды белсенділер өз туындыларын оқырман қауымға жеткізіп жүрді. 1911жылдан 15-ші жылдың күзіне дейін жарық көрген жаңалық жарсысы  алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарылды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесушілерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді. Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Профессор Қ. Бекқожиннің дәлелдеуінше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.

Қапияда қалған қазақтың көзін ашуға тырысқан журналдың өз бағдарламасы болған. Ол туралы «Бізге не істеу керек?» деген бас мақаласында жазып, мәселенің басын ашып көрсетеді.

«1.Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.

  2.Мектептер мен медресселер ашу , білімді әрі мәдениетті болу.

  3.Дін істерін қолға алу, өз мүфтиін сайлау.

  4. Халық мүддесін қорғау, және т.б.»

Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада:  Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды… “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар”  бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.

“Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған тұрақты айдарлардың болуы оның жұмысындағы ұқыптылықты, жүйелілікті танытады. Журналдың безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материялдардан айқын аңғаруға болады. Журналдың бетіне кейде “Одан-бұдан”, “Уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуіне тиісті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материял жарық көрді. Кейін оларды алмастыр- ған  “Хабаршыларымыздан ”,  “Хабарлар ” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.

“Айқап” өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей орталықтарымен мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қотанайдан, Қыдылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқа-ралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

«Айқап»  журналы М.Дулатұлы айтқандай, қазақтың білім әлеміне ашылған терезесі болып, сол заманғы ағарту ісі мен мәдениеттің жалынды жаршысына айналды. Осы журнал арқылы ұарапайым қалың ел С.Сейфулин, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Торыайғыров,  М.Жұмабаевтардың шығармаларымен танысып, көз ашуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, М.Сералин «Айқап» беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқан авторлардың мақалаларын жариялап отырды. Бұл журналдың қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттаудағы рөлі зор болды. Бірақ бүгінде тарихи сахнаға шыққанына 110 жыл толып отырған журнал дүниежүзілік соғыс кезіндегі зор қаржылық қиындықтар, зқиялылардың бір бөлігінің қазақ  әдеби тілін түлеткендігімен, стилінің сындарлығымен, толғағы жеткен жалпыұлттық мәселелерді қозғауымен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы әсерінен   1915 жылы «Айқап» журналы өмір сүруін тоқтатты. («Қазақ» газетін құрушы үштікпен бәсекелесудің екіталай болғанын тескере кеткен жөн)

 

 

Еркімбек Аяулым Ормамабекқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті.

Ф.Қозыбақова,жоба жетекшісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.