Әл-Фараби атындағы университет

Әл-Фараби атындағы университет
жеке
блог

Имидждік мақала

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы.

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды.

Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академикпен елу философия докторы бар.

Университетте лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған. Университет әр түрлі және халықаралық профессорлар мен студенттерді тартуға, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуларды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыстар орнатуға тырысады. Оқу ордасы  кез-келген сала бойынша білім мен оқуды жоғары деңгейде ілгерілетуді және өз күшін бүкіл әлемгдік стандартқа сай болатын нәтижелерді мақсат ете отырып жұмыс атқарады.

Университетте Қазақстандағы аса ірі интернет желісіне қосылған, 3500 компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, сондай-ақ компьютер сыныптары мен интернет залдар жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚазҰУ қалашығы Wi-Fi www.kaznu.kz  сымсыз желісімен қамтылған. Қалашықтың кез келген нүктесінде әр студент университет бірлестігінің желісінде жұмыс істеумен қоса, интернетке тегін қосылу мүмкіндігіне ие.

Ғылымның барлық саласымен қамтылған «қара шаңырақ» өнер саласынан да шет қалған жоқ. Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы –ҚазҰУ қалашығының іншу-маржаны. Мұнда «Фараби сазы оркестрі», «әль-Фараби атындағы Арт-центр», «Біз» студенттер театры жұмыс жасайды. Үлкен концерт залында универститеттегі ірі жобалар өтеді.

Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған: ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттер спорттық клубы, әр-түрлі секциялар ұйымдастырылған.

Университет студенттердің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын жоба, клуб, театрлар сайысына белсене қатысады.

ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аға оқытушысы У.А. Тунгатова, 

Дінтану мамандығының студенті Абдусахадова Сабина