жеке
блог

Екі жүрек бірге қағуда

Ананың қадірін балалы болғанда білесің дегенді, енді ғана шын түсіндім. Жәй сөзбен айтамызғой осы нақыл сөзді. Енді ғана жан-тәніммен анамның қалай тоғыз ай бойы көтеріп жүргенін түсіндім, сезіндім. 

Айым келсе де, күнім келген жоқ, асыға күтудеміз. Қазір түнгі 02:17 анам еріксіз ойыма келіп отыр. Е, жан анам-ау, 273 күн бойы осылай мені, 3 ағамды көтеріп жүрген екенсізғой деп. 

Бала бойыма біткеннен, асығыс-үсігіс, тасыр-тұсыр етіп жүруді бірден доғарып, аналық инстинг оянады екен. 

Алланың құдіреті шексізғой. Қанша оқысамда, қанша ғылым-білім дамысада, толғақтың қашан қай күні, толғақ келу себебін ешбір ғалым түсіндіре алмайды екен. Тек болжам ғана. Адамның бұл дүниеден өтуі секілді, дүние келуіде құпия екен. 

Пендеге осындай бахытты сезінуді Алла нәсіп еткен екен. Іштегі бала түн ортасында тепкендегі шексіз сезінген сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Әрбір сәт ерекше. 

Бірақ, өз қиындықтары бар. Кез келген уақытта жүрек айну, тамақ талғап жеу, асқазандағы қыжыл, жақындаған сайын бел айналып түсердей, ісіну, ауыр сезіну, түн ұйқыны төрт бөліп дәретхана есігін тоздыру. Бірақ, бұнын бәрі жақын арада бітіп, керемет бахытты күндер күтіп тұрғанын ойлағанда ұмытып кетемін, шыдайсын. 

Әрбір қызға ана болуды нәсіп етсін. Мұндай бахытты сөзбен жеткізе алмаймын, тек сезіну қажет. 

Алла, жеңілінен беріп, бір өзің жар бола гөр! Қорқыныш сезімін сейілте гөр! Іштей өзімді дайындап, кітап, интернет тен оқысамда, қорқыныш сезімі басым болып барады жақындаған сайын. 

Анама дәл қазір барып қаншалықты жақсы көрсетінімді, мені дүниеге алып келгені үшін шексіз алғысымды айтқым келеді. 

Құрметті достар, анамызды аялайық, мүмкіндігінше осы өмірде бар жақсыны беріп, қажет жағдайын бәрін жасап, денсаулығына күтім жасаңыздар. Ана ол дара, дана. Басқа жоқ. Құрметтеп, аялап, жылы сөйлеп, алыста болсаңыз күнделікті хабарласып тұрғыңыз, жиі барып тұрыңыз. 

Жұлдызды блогтар