Негізгі / Әйгілі детектив - Шерлок Холмс ( эссе )
Әйгілі детектив - Шерлок Холмс ( эссе )

Қазіргі таңда жазушы қаламынан туған көптеген кейіпкер бізге мәлім. Роулингтің Гарриі, Линдгреннің Карлсоны, Твеннің Сойері секілді т.б туындылар оқырман жүрегінен жол таба білгені рас. Сондай әдеби кейіпкердің бірі – Шерлок Холмс. Аңызға айналған детектив жайлы біз не білеміз?

   Шерлок Холмс – шотландық жазушы А.К.Дойл шығармаларының ең танымалы. Шамамен 1854 жылы, 6 – шы қаңтарда Франция елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан әке-шеше мейірімін, тіпті Майкрофтың ағалығын сезіне алмаған Шерлок, болашақта « сұр бойдақтың » күйін кешеді. Бірақ, бұл оның өмірлік жолында жалғыз боп өтуіне әкеліп соқпады. « Менің досым жоқ » деген сөзді аузынан тастамайтын кейіпкер, ақырында дәрігер Джон Ватсонмен достаса кетіп, ізденіс жұмыстарын бірге атқарады. Басқа шығармалардағы ізденімпаз кейіпкерге қарағанда, Шерлоктың өз әдісі болған. Детектив тыңғылықты жұмысында шылым шегуді әдетке айналдырған. Шылымның иісі кейіпкерге, өткен мен болашақтың арасында саяхаттауға мүмкіндік туғызған. « Темекінің түтіні, тұманды ойларымды сейілтеді »  деген өз сөзін де кітап арасынан кездестіруге болады.

   Кітап демекші, алғаш Шерлок Холмстың І томдық кітабын мектеп табалдырығында оқып жүргенімде қолға алдым. Жаңа дүние қақ алдымнан ашылғандай, беймәлім күй кештім. Кітаптың сарғыш парағындағы детективтің әр оқиғасын сүйікті оқырман ретінде жадымда сақтадым. Барлық оқиғасы жазылған кітаптарды тәмәмдаған соң, экранизациясын тамашалауға бет бұрдым.  Әсте, осы күнге дейін, Шерлок Холмс оқиғасы жайлы көптеген ел телесериал түсіріп, жүздеген актер детектив рөлін сомдағаны белгілі. Соның ішінде көрермен көңілінен шыға білген « орыстың Шерлогы ». Тіпті Елизавета ІІ патшайым орыс актеры Василий Ливановқа аңызға айналған детективтің ең адал образын жасағаны үшін Британ империясының орденін берген болатын. Холмстың мінез-құлқын, ішін түсініп, оған кино шығарып, түсіру де  оңай емес, сол себептен бұ жерде барлық елдің актеры мен режиссерына алғысым жеке бөлек.

  Сөз соңында айтарым, аңызға айналған детектив – Шерлок Холмс бүткіл адамзат тарихына жаңашылдық әкелгені сөзсіз. Оның еңбекқорлық, шыншылдық, қарапайымдылық, жанашырлық пен қатар т.б қасиеттері миллиондаған адамдарға үлгі бола білді. Өз « Тыныштықтан асқан байлық жоқ » сөздері  арқылы, оқырманды тыныштыққа, сабырлыққа және әрбір қиын істің шешімі болатынына кәміл сендірді. Сол үшін бұл ерекше есімді кейіпкерді, оқырман мен көрермен ешқашан ұмытпақ емес...