Қазақ тілінің қолданысының сиреуінің 3 себептері

    Қазақ тілі қазіргі таңдағы жоғалу қаупінде тұрған тілдердің бірі. Британдық ғалым Дэвид Кристл өзінің “Тілдер өлімі” туындысында дүниежүзінде әр екі апта сайын бір тілдің жоғалатыны жайлы баяндайды. “Әлем тілдері атласы” бойынша жоғалу қаупінде тұрған жалпылай саны 2498 тіл бар. Алайда бұл мәлімет тек cандық көлемді көрсеткенімен, біз олар тілдердің әлемдегі жылдам орын алып жатқан технологиялық және жаһандану процестерінің ықпалынан екенін біле бермейміз. Бұл мақала қазақ тілінің қамту аумағының азаюының себептерін зерттеумен қоса, олардың алдын алуға болатын ұсыныстарды баяндайды.

     Алғашқы себеп ол қазіргі жас жалындардың еліктеушілігінен туындайды. Жасөспірімдердің батыс мәдениетіне еліктеуінен, олардың мәдениеті мен тілдерін үйренуге талпынады, сондықтан бұл олардың өз тілдерінде аз сөйлеуге ықпал етеді. Жаһандану процессі жалпы ұлттық тілге ғана емес, ұлттық мәдениет пен салт дәстүрге де теріс әсер етеді.
Технологиялық прогресс барлық ұлттардың бір біріне айтарлықтай жақындауына себепкер болуда. Бұл тенденция жастар арасындағы әр түрлі мәдениеттердің араласуына әсер етіп еліктеушілікті нығайтуда.

    Бұл еліктеушілікті бәсеңдету үшін Қазақстандағы барлық мәдениетінімізді сипаттайтын, көрсететін салалардың барлығын жаңа заманға сай модификацияландырып жастарға тартымды ету қажет. Ал технологияларды және ұялы телефон бағдарламаларын қазақ тілінде қол жетімді ету, ана тілін нығайтады деген сенімдемін.

    Айта келе, келесі бір себептердің бірі патриоттық сезімнің жоғалуы. Патриоттық - сезім дегеніміз ол ана тіліне, туған жеріне яғни отанына деген махаббат.  Қазіргі жастарға сенетін болсақ, көп жастар ,қазақтарды көшпенді және жабайы халық деп өз тілінен ұялып бас тартады. Сондықтан олар намыстанғандықтан еліктеп орыс тілінде сөйлеуді дұрыс көреді. Бұл қазақ жастарының қазақ тілінің артта қалып жатуындағы басты қателігі болып табылады. Бұл орайда, менің ойымша қазақ тілі мен мәдениетінің дамуы үшін, жастарды еліктіретін арнайы жаңа заман талабына сай жүргізіліп жатқан бағдарламаларға қолдау көрсету қажет. Олардың қатарына қазақ тілін жаһандану үдерісіне сай етіп өнім ұсынатын жобалар жатады. Әсіресе қазақша комикстер жасайтын “Le shapalaque”, қазақ тіліндегі жазуы заманауи киімдер шығаратын “Qazaq Republic” , қазақ ұлттық киімдерін заманауи талапқа сай өзгертіп халыққа ұсынатын “Dinara Satzhan Fashion group” және тағы сол секілді жобалар жатады

      Тағы бір себептердің бірі ол қазақ тіліндегі қол жетімді ақпараттардың аз болуы, өз дамуына қажет мәліметті табу мақсатында жеке тұлғаларды басқа тілдерді үйрену қажеттілігін туындатады. Көбіне ол тілдер қатарына орыс, және ағылшын тілдері жатады. Осылайша әрдайым басқа тілде қажеттіліктерді үйрену ана тілдің сирек қолданылуына әкеліп соғады. Әрдайым басқа тілде оқу және де үйрену адамның ойлау қабілетін де сол тілге ауысуына себепкер болады. Бұл орайда, Қазақстан үкіметінің “100 кітап” секілді жобалардың көбеюін қадағалау қажет. Бұл жоба бойынша, таңдалып алынған қазақ тілі мамандары әлемдегі ең танымал әдеби кітаптарды қазақ оқырмандарына қолжетімді болуы үшін, өз тілімізге аударған болатын. Алайда менің ойымша, бұл секілді жобалар тек әдеби кітаптармен және олардың шектеліп қана қоймай, барлық оқу салаларын да қамту қажет. Осы қазақ тіліндегі ресурстың аздығы, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешудің тағы бір жолы, жастар арасында әлемдік маңызы бар мақалаларды қазақ тіліне аудару жарыстарын өткізу, жастарды қазақ тілін үйренуге талпындырып қана қоймай, қазақ тіліндегі ресурс қорын үлкейтеді.

    Қорытындылай келе, кез- келген тілдің болашағы сол ұлттың өз қолында екенін есте сақтауымыз қажет. Тілдің дамып дүниежүзілік деңгейге шығуы немесе жоғалу қаупі бар тілдер қатарына енуі де бізге, қазақ жастарына байланысты. Көп тіл білген адам дүниетанымын байытады және әлемге бір қадам жақын болуға көмектеседі, алайда өз шаңырағымызда ана тілін құрметтеу тәрбиенің маңызды бөлігі болып саналады.



Бөлісу: