Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мейірім керек, жалғыз-ақ...

Мейірім керек, жалғыз-ақ...

Мейірім керек, жалғыз-ақ...

   Өмір... Өмір - толассыз жауған жауын, қолшатырмен өзіңді жасыра алмайсың. Өмір - тулаған толқын, кейде сол толқын сені белгісіз аралдың жағасына тастап кете барады. Өмір – бірде жайдары жаз, жаныңа шуақ шашады, бірде қаһарлы қыс, үсіріп, қатырады. Қайтпек керек? Жауынның басылғанын күту керек пе, əлде, ағынға ілесіп аралда адасу керек пе, бəлкім, қаһарлы қыстың суығымен жүрегіңді мұзға айналдыру  керек? Жоқ, əрине, меніңше, бұл істің соңы сан соқтырады. Дəл қазір санамды санға, ойымды онға  бөліп отырғаны да осы - Бейбіт Сарыбайдың "Мейірім" əңгімесі. Жүректің қылын шертіп, ұйықтап жатқан сырды оятқан осы бір əңгімеден ойыма тасталған дəнек ақырын ашылып келе жатқандай. Оқиға да, ой да өміріне өнерді серік еткен Ерік пен Ұланның аяқсыз қалған портретті аяқтаймыз деп жатып, іштегі ашудың маздаған шоғын лаулатып алғанынан бастау алды. Көзі ашылған бұлақтай оқиға əпсəтте-ақ көкірек көзімнің сай саласына тарады. Ойыма тасталған дəнектен түйнек пайда бола бастады. Санамды жарған түйнек ой Ұлан туғызған ой болатын. Оның өмірден түңіліп: " Құдды бір күресінде жүргендей жиренесің, жиіркенесің. Сəби кезімде бәріне сүйсіне қарайтынмын. Өмірге деген сол махаббатым сөнбей тұрғанда өліп қалсам ғой. Бағалының құнсызданғанынан артық жаман не бар" деген сөздерін сан қайтара оқи бердім, оқи бергім де келеді. Расында да, уақыт өте өмірден жалығып кететін сəттер болады екен. Балалықтың қызығына белшеден батқан сəби болып қалғымыз келеді-ау, "өмір"  деген нəрсені түсінбейтін, оны ойлап бас қатырмайтын бала болу есейгеннің арманы ғой, шіркін! Бала шақтың қызығына масайрап, бəрінен артық көрген "өмірің" есейгенде неге жеккөрінішті болып қалады деп ойланып көрдіңіз бе? Меніңше, Ұланның мына сөздері бұл сұраққа жауап бола алатын сияқты: "Адамдардың бəрін жек көрем. Бəрі бұзылған, азған." Демек, өмірді жаман ететін өзіміз  болғанымыз ғой. Оқиғаны оқи отырып Ұланды өзіме ұқсаттым: біріншіден, мен де адамдарды жек көрем, менің де азған адамдары бар қоғамнан алыс, жыраққа кеткім келеді. Екіншіден, Ұлан айтпақшы  елімізде өнерден байлықтың биік тұратыны мені мені де мазалайды.  Жаратқан дарытқан дарынды бағаламайтын, өлмейтін қазына - өнерді құрметтемейтін қоғамда өркениетті өркендетем деп жүру  ешқашан өнерліні өрге сүйрей алмайтыны өкінішті. Қазіргі заманға "аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін" деген мəтел сай келетіндей. Олай деуімнің себебі де айқын емес пе: біріне-бірі жанашыр бола алмайтын заманда қалтасы қалың адамдардың ғана баласы білмесе де жақсы білім алып, ебі келмесе де жақсы жұмыс жасайды. Ондай  сапасыз білім, сапасыз жұмыс кімге керек, одан келіп-кетері не? Маңдайынан еңбектің қара терін шығара алмаған адамды елі үшін еңбектеніп жатыр деуіміз дұрыс болар ма екен деп ойлаймын. Ашық аспанымыздың төрінде самғайтын бүркіттеріміз қайда қалмақ? Елді сүйсіндіріп, халықтың құрметіне бөленетін  азаматтар көкжиектен көтеріле алмай жатырған күндей  тасада қалмауы керек. Өйткені, олар елдің рухани қазынасы, қоғамның нағыз жанашыр жандары, жол сілтеуші шамшырағы. Шамшырағымызды сөндіріп алсақ қапаста қалмаймыз ба! Еліміз рухани жаңғырып, мəдениеттің алтын күні көкке көтеріліп, шамшырақтар жарқырай түссе екен деймін.  Үшіншіден,  болмашыға ренжу. Алайда, əңгімені оқи отырып, өткенен қалған өнегесі жоқ істі əдетіңе серік етіп, бір-бірімізге мейірімді бола алмау біздің өмірімізді  жайдары жаз ете алмайтынын түсіндім. Мейірім... Қызу қайнап жатқан өмірде бізге жетіспейтіне де осы. Болмашыға ренжісіп, бір-біріміздің бойымыздағы жалғандықты көре сала ашулану қолымыздан келгенмен, бір-бірімізге мейірлене қарау қиын болғаны ғой. Ойлап қарасам, қиындықты артта қалдыратын да, елімізге ғажап өмір сыйлап, рухани жетілуге жол ашатын да, арамыздан қыл өтпейтін дос қылатын да жалғыз-ақ мейірім  екен. Мейірім бар жерде жауыздық жеңілістің ақ жалауын көтереді. Мейірім бар жерде ғана біз аңсаған ғажап өмір бар. Өмірдің жауынынан да, дауылынан да қорғайтын қалқанымыз мейірім екен. Бір-бірімізге мейірім төге қарасақ, ғұлама Жүсіп Баласағұн айтпақшы "мейірім етсең - мейірім көресің". Ойымдағы түйнек гүлге айналып, кеудемдегі руханиятымды еселей əдемілеп, жұпарын айналама шашып тұрғандай.
    Осылайша Бейбіт Сарыбайдың əңгімесін  шиыршық  жіпше қолыма алып ақырын тарқаттым, жəй тарқатпадым, тарқатқан жібімді тоқыдым. Ең бастысы мынаны ұқтым: егер адамдар бала кезден қалған мейірімді жүректерін өмірдің соққан дауылымен тасқа айналдырмаса, əлемімізде мейірімділік пен бақыт билік етер еді...

0
Рейтинг: +0

Автор: KHALISA
Жазылған уақыты: 24 қыркүйек 2018, 21:52
Тегтер: Бейбіт Сарыбай, Мейірім

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.