Білтемірдің барлық сырын меңгерген 73 жастағы ақсақал (видео)

Білтемірдің барлық сырын меңгерген 73 жастағы ақсақал (видео)

Бұл ақсақалдың есімі - Анатолий Никитович. Алайда оны ақсақал деуге аузымыз бармас. Өйткені мына видеоға назар аударыңыздар. Жетпістің үшеуіне келсе де, жасап жатқан жаттығулары таңдай қақтырады. Оның осындай дәрежеге қалай жеткені туралы төменде әңгімелейміз.


Анатолий Никитовичтің жаттығулар комплексі қанша жастағы адамды болса да, қайратты әрі сымбатты етеді. Ол 40 жаттығудан құралған. Басым көпшілігі дене мүшелері мен бұлшық еттің құрылысын жақсартуға арналған. Осындай нәтижеге жету үшін ол өмірінің жартысынан көбін спортқа арнаған. Жазғы спорт алаңдарында жаттығып, өзінің жаттығуларын сол жердегі құрылғыларға сай құрған. Сондықтан арнайы дайындықсыз жаттығуларын бастамайды, өзінің шәкірттеріне де денелерін қыздырып алмай жаттығу жасатпайды екен. 

Бұл адамға қарап отырып, жаттығу залының адам денсаулығына өте маңызды екеніне көз жеткіземіз. Қашанда салауатты өмір салтын ұстанып, өзгелерге өнеге, үлгі көрсете білген Анатолий спортсүйер қауымның көңілінен шықты.

Оқи отырыңыз:

Спортты сүйетін 72 жастағы әже (видео)

Садақ сырын меңгерген шетелдіктер

2014 жылдың 10 мистикалық құпиясы

Бар-жоғы 30 шаршы метрді құрайтын керемет үй

Cурет: tourmarshrut.ru

Ж. Исакаев