Мен өмірден не түйдім?

Мен өмірден не түйдім?
жеке
блог

   "Адамға бұл жалған өмірде ең жақын кім? " деп сұрақ қойсам есіңізге ең бірінші кім түседі? 

Көп жағдайда ол-АНА, немесе әкесі, кім болсада ең қымбат сүйікті адам жүрекке жылу сыйлайды. Расында, әр жанның жанына жақын пенде ол оның сүйген, яғни таңдап өмірлік серік ете тұғын жан-жары.Жақын арада мен осыны күмәнсіз, қатесіз ұқтым. Ата-анамыз бізді белгілі бір уақытқа дейін демеп, аяғымыздап тұрып, адам қатарына қосылғанша жабырқап жүруші екен, бірақ ертелі кеш олар бізді мына жалған өмірді артқа қалдырып, есімізде елес болып, айтқан сөздері мен берген өнеге тәрбиесі болмысымызда таңба болып қана қалады екенғой.

    Ал, енді отбасы құрдық өмірлік  жар таңдап ұрпақтарды дүниеге алып келдік. Елге бір пайда, отбасыңа одан артық пайда тап. Бала шағамызды өсіреміз, тәрбие мен білім береміз, оларда кетеді отбасы құрады. Жалпы қысқаша атқанда санасара! Сонда, бұл өмірдің қандай мәні болмақ? Қайталана беретін бітпес күйбең тіршілік. Қазір, бұл нәрсені өзгерту үшін жай ғана былай істеу керек, өмірді былай сүру керек, басқаларға құсамау керек деп қақсап сарнасақ та, бәріміз өмір сүре келе, күнді-күнге жалғап, күйбелең тіршіліктің тұсаусыз құлы болып қаламыз. 

  

 

     Сонымен, мен өмірден не түйдім?

Бірінші, ешқашан шын жүректің қалауы мен ойдың қалауын шатастырмау! Қанша жерден бір пайдасыз істе істегім келіп тұрса да, бір жағым ол заттан аяқ тартып, қысылып тұрады. Сондай кезде оймен жүректі таразыға салып, белгілі және нақты шешім таба білу, ешкімнен ол үшін ақыл немесе кеңес сұрамау. Өйіткені, қателескен жағдайда кемшілікті өзгенің кеңесінен емес, тек өзіңнен іздеу үшін. 

Екінші, өмірде бір нәрсеге қол жеткізгін келсе, орнына құны соған тұралық затты беріп үйрену. Яғни, тегін ешнәрсе жоқ. Ол менідетті түрде ақша емес, ол уақыт, энергия, көңіл т.с.с сатып алуға қиын сезімдер , құндылықтар. Сол нәрселерді үнемдеп және дұрыс жаққа жұмсау керек.

Үшінші, ешкімнен ештеңе күтпеу. Ол кісіден қанша уәде не сөз естіп, ағынан жарылса да, іштегі қорғанды бұзбау. Ешкімге сенбеу. Я бұл өмір - ол өте қатал, соққысы ауыр, өз жанымызды жүрегіңізді өзіміз қорғамасақ, қорғайтын адам сөзсіз, табылмайды. 

Төртінші, қандай жағдай болмасын, жаныңыздың ауырғанын тек жақын адамдарға көрсете білу. Өзіңіздің нағыз көңіл-күйіңізді жасырмай шынайы болу. Айналадағы заттардың алдамшы әсерін байқамай, тек шындықты көруді үйрену. Ал шындық көп жағдайда қатал. 

Бесінші, жаңа таныстарымның алдында жаман немесе жағымсыз жақтарымды көрсетуден ұялмау. Тек солай сіз айналама нағыз жақын "досты"  жақын тарта аламын.Менің кемшіліктерімді көрмеген, қабылдай алмаған адамнан аулақ болу.

Алтыншы, қандай жағдай болмасын "қиял" болудан, балаша ойнап күлуден қорықпау, шындықты бетке айтудан қорықпау. 

Жетінші, өзіме ұнамсыз ортадан алшақ жүру, қажет болса қалаған уақытыңда тұрып кетіп қалуға қорықпау. Өйіткені, өмір қажетсіз нәрселерге уақыт құртудан қарағанда тым қысқа.Ештеңе мәңгі емес. Бар нәрсені уақытысында бағалай білуді әдетке айналдыру.

Сегізінші, қажет болса өз ойынды ашық айтудан қысылмау, өзге адамдардаң ойымен санасуды алға қоймау, бірақ елеу. Көзге көрінбейтін қателіктерді байқауға тырысу. Оларға жан дүниеңмен көңіл бөлу.

Тоғызыншы, ашуланып, көңіл-күй болмай тұрғанда тілмен жақты қоса ұстау, ешкімге ауыр көз, іс істмеуге тырысу. Ренжіткенімді байқасам, тартынбай кешірім сұрау. Және өз-өзіңді іштей сынап, өз-өзіңді көркем мінезге түзеу.

Оныншы, еңбекті жоғарғы бетке қою. Еріншек болмау! Бұл өмірден не аламын деп емес, мына өмірге не бере аламын, артыма қандай еңбек, өнеге қалдыра аламын деп өмір сүру абзал.

  ИЯ, өмірден әлі аларым, ұғарым көп. Оқып қарасаң жәй ғана оңай қағидалар, бірақ іске келгенде оңай емес. Бастысы тоқтамай өз өзіңді шыңдауды қолдан жібермеу.