Гүл күтіміне басты ережелер.

Гүл күтіміне басты ережелер.
жеке
блог

  Бөлме өсімдіктерін өсірген кезде оларға жақсы күтім керек, оларды баптап , аялап өсіру керек.

• Ең алдымен гүлге су құяр кезде оны жақсы бір жерге апарып суды молынан құю керек.Есте сақтайтын бір жайт ,əр гүлді өсірген кезде оның қаншалықты суды қалайтынын біліп алу керек.Суы сіңіп болғаннан соң оны орнына əкелуге болады.Оның астындағы ыдысын да тазалап алған жөн.Себебі, микробтар да сода болып көбінен жиналады.

• Екіншіден, егер гүл суды көп қаламайтын болса оған суды көп құя берудің қажеті жоқ.Гүлдерді аялап өсіру керек яғни, оларға жақсы күтім жасауымыз керек.Гүлмен таңертең сөйлесіп тұру керек сол сізге де əдет болатын болады жəне əрдайым жақсы көңіл-күй сыйлайды.Тіпті, гүлдерге есім беруге болады сонда олар жақсы өседі.Олардың жапырақтарын тазалап тұру керек.

• Гүлдерді күн көзіне шығарып тұру керек оларға да күн нұры түсетін болса жайқалып өседі.Анамыз да гүлді көп өсіргенді жақсы көреді емес пе?.Гүл үйдің сəнін келтіріп тұрады,гүл үйдегі шаңдарды да өзіне тартып алып тұрады.Гүлге жақсы қарау-ол сіздің міндетіңіз.Егер гүлдеріңіз күннен-күнге сола беретін болса онда оған витамин жетіспейді.Сіз арнайы гүлдерге арналған витамин сатып алсаңыз болады, ол аса қымбат емес.

• Жер үйде тұратындардың даласындағы гүлдерге күнде су керек емес.Олар суды көп қажет етпейді ,оған су құйған кезде толтырып құйып қойсаңыз соның өзі жеткілікті.Себебі олар күн нұрынан сəуле алып бойына сол жақсы сіңеді.Бастысы əрбір гүл бізге қуаныш сыйлайды,себебі олардың əр түрлісі болады ол көзге əдемі көрінері сөзсіз.

• Егер гүліңіз əдемі болып өсіп жатса оған келген адамдардың көзі өтпесін деген ниетпен қызыл жіп тағып қойыңыз.Себебі , көз өтіп кетсе гүліңіз солып қалады деген ырымдар да бар.Негізі гүлдің басты қасиеті оның жақсы өсіп ,жайқалуында.Айтпақшы, жаңбыр жауған кезде оны далаға шығарып немесе терезе алдына қойсаңыз гүл тағы да əдемі өсуге мүмкіндігі болады.Гүлге су құяр кезде үйдегі ағып тұрған суымыздан алып құя салуға болмайды.Себебі,біздің ағып тұрған колонкадағы суымызда хлор болады.Ал ол хлордың зияны гүлдерге айтпаса да белгілі.Сондықтан үйдегі бөтелкелерге су толтырып құйып қойып оны 2-3 күннен соң қолдануға болады.