Руың кім?
жеке
блог

Руың кім?

Үйлену тойы. Той қызып жатыр. Барлығы тамаша. Қонақтар көңілді, той иесі қуанышты.

Содан бірінші столдың аяғындағы соңғы тост. Туысқандардың тілегі.

Асаба үйленіп жатқан жігіттен Руын білу үшін тұрғызып сұрамай ма? "Қай елсің" деп.

Сөйтсе күйеу жігіт қазақшаға әлсіз екен. Сұрақты ұқпай "что" деп қайта сұрапты.
Асаба тағы да "қай елден боласың, руың кім болады" десе, сабазың "КОЗЕРОГ" депті)))

Руыңды білу тектілік! Ал "руға" бөліну ол трайбализм. Қай рудан екеніңді білу аса қажет.