Ананың сүті
жеке
блог

Ананың сүті

Ана сүтін аңсап өскен баланың бірі менмін. 

Анам мені дүниеге алып келгеннен кейін қатты ауырып, ауруxанаға түскен. Сол жатқаннан маған 6 ай толғанда ғана бір-ақ шығыпты. Осы алты ай бойы мен жасанды "деталак" деген сүт ішіппін. Анам әлі күнге дейін мен ауырып қалғанда өзін кінәлайды. Алғашқы күннен ана сүтін ішкен бала мықты болар еді деп. 

Ал, жақында жантүршігерлік әңгіме естідім.

Қазір жасы болсын, үлкені болсын бала туған аналар сәбиін емізуден бірінші күннен бастап бас тартады екен. Айтатындары егер емізсем "омырауым салбырап" кетеді екен. Ойлаңыздаршы анаға бауыр еті баласынан "анарлары" артық болып тұрғаны ғой сонда. Жо-жоқ безбүйрек ана, онда баланы қинап несіне тапты деуден алыспын. Пендені сөгетін Періште емеспін.

Бірақ, қанша ойладым санам бұл қылықты қабылдай алмады. Мүмкін күйеуі сылқымдықты сүйетін адам ба екен. Десекте, менің ойымша бала сыйлаған Әйелдің тәніне қарап безінетін еркек еркек емес. 

Құлыншақтарыңызды Ана сүтімен дарыйтын қасиеттерден айырмаңыздаршы!