Тарихы терең , тағылымды білім ордасы!
жеке
блог

Тарихы терең , тағылымды білім ордасы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Журналистика» факультетінің                                                          І курс студенті   Халиуллина Ж.Ө.      Арман адастырмайды! Осы сөздің куәсі болдым.  Талай жылдар жанымда жатталған арман, үкілі үміт осы оқу орнының студенті атану болатын.                     Бүгінде жүректердің арманына, түлектердің талғамына ие болған , тағылымды тарихы, дара ізі, сара жолы бар білім ошағы Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің қазанында қайнаудамыз.       Бұл білім ордасы - Ғылым мен білімнің, жастардың тұлғалық дамуының қайнар көзі, асқақтық пен ұлылық белгісі, мемлекетімізде кадрларды дайындаудағы негізгі көшбасшысы, талай қайраткерлерді тәрбиелеп шығарған жай ғана емес, Киелі қара шаңырақ екенін бұған дейін құлақ естісе, енді көзіміз көруде. Қазақстандағы  ғылым ұстаханасы, талай саңұлаққа білімнің шырағымен жарық беріп, тайғақты жолдарына бағыт берген ұлылықтың символы болған ҚазҰУ-нің  киелілігінің айғағы болған сан мыңдаған шәкірттерінің бірімін. Алғашқы күннен ақ, «Университет қалашығы» қызықтырып қана қоймады ,

таң қалдырды. Ол студенттерге барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін арнайы кешен. Білімпаз жастың жан аралын кітаппен сусындатар кітапхана, талантты да талапты, өнерге құштар жастардың басын біріктіретін "Өмірбек Жолдасбеков" атындағы студенттер сарайы, спорттың сан салаларын дамытқан Спорт кешені, студенттер үшін жанға жайлы, қызығы таусылмайтын студенттік күндердің тылсым әлемі болатын орын – студенттер үйі, өзіндік сәніменен көз тартатын ректорат ғимараты мен оқу корпустары бәрі-бәрі ерекше.   Ал  талғамы биік, талабы мықты,  кәсіби мәдениеті жоғары ұстаздардың орны тіптен бөлек. Тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылық пен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсетіп, ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани үйлесімді аз уақыт ішінде орната алды.Осындай білім ордасында болашағымның ірге тасы қаланып жатқанына қуанамын, мақтанамын!  Күні кеше ғана ,  Түлектер, кетті сендерден енді балалық,                              Тұрсындар міне, болашақ күнге жол ашып.                               Кетігін елдің жетілдірер бол Азамат, Бір кірпіш болып мына дүниеге қаланып, - деп кеше ғана бізді №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясының  табалдырығынан балалығымыздың қанатын қатайтып, жігерлендіріп арман қудырып алысқа  аттандырып еді. Бізде үміттерін ақтадық. Алтын ұя біл ордасына, ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз болса, ҚазҰУ-ті ұжымына, ұстаздарына  ризашылығымыз шексіз!