жеке
блог

Қарапайым қазақтың қызымын...

Мен қарапайым қазақтың қызымын. Ұлтымызға сіңген қазақилықтың, тәрбиенің, ұяңдықтың ғажабына ғашықпын.

Мен, қысқа шортик, кеудесі ашық кофта, мүлдем жеңі жоқ кеудеше (топик) кимеймін. Ер адамдардың көзінше суға түсуге, жалғыз өтуге ұяламын. Және, бұлардың бәрін бойымда жиналған комплекстер деп ойламаймын. Себебі, менде қазақи сана бар. Ортамдағы құрбыларым, достарым сондай. Әкем де, анам да қатал емес. Керісінше, еркін өстім. Серуенге шығамын, туған күндерге барамын,демалыстарда қыдырамын. Бірақ, барлығының өз шегі бар: анам "қайт" деп хабарласпаса да, қайту керектігін білемін. Әкем үйде болса, артық шықпау керектігін білемін. Телефонмен еркін сөйлесудің ұят екенін білемін. Сондықтан да, олардың маған деген сеніміне кір келтірмеуге тырысамын және кішкентай ғана өмірімде тәрбиемді сақтауды, арым мен намысымды бірінші орынға қоюды үйрендім. 

Өкінбеймін. Себебі,менде "қазақтың қызымын" деп айта алатындай құндылықтар бар. Ал, бұл құндылықтар мені келешекте адастырмайтынына сенемін.

p.s: Мақтанғаным немесе мақтағаным емес. Тек қазақ екенін ұмытқан қыздарға ой салар деген-менің ойларым...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі