Түлек болдым дегенше, басым қатты деген жөн
жеке
блог

Түлек болдым дегенше, басым қатты деген жөн

Биыл біздің мектеп қабырғасындағы ақырғы жылымыз. Бойымыз бір қарыс, екі сөздің басын әрең құрайтын, әріп танымайтын бала болып келіп, ақылымыз бар елдің ертеңін ойлайтын болашағына жарқын көзбен қарайтын азамат болып кеткелі жатырмыз. Талай күніміз ойын қуып жүгірумен, талай күніміз кітап-дәптер бетіне үңілумен өтіп жатты. Ес жиып жоғарғы сынып оқушысы болған сәттен бастап, өз болашағымызды ойлап, өр тұлғалы жігіт (саналы, тәрбиелі азаматша) болуды мақсат тұтамыз. Әрине әрбіріміздің жүрек түкпірімізде болашағымызбен ұштастыра қиялдайтын армандарымыз болады. Балғын шағында бастық боламын, дәрігер боламын, ұшқыш боламын деп армандайтын бала, ер жетіп сол арманы жолында күресе білсе, бұл жарқын болашақтың бір белгісі.
      11 жылғы білімді сараптайтын шағымызға келіп жеткенде, тыңғылықты дайындық жасағанды жөн деп білемін. 
      Менің арманым - тележурналист болу. Ия, қызықты мамандық екені белгілі, бірақ үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жасымнан өлең оқуға, шығаруға әуес болып өстім. Мен үшін бұл мамандық жұмысы оңай болады деген сенімдемін. 
 
Айтпашы,айтпасаң да білем, білем,
Білемін де күлемін, ренжімен.
Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық,
Жыланды ажыратам жылы өңдіден.
 
Мүмкін, қақың бар шығар мақтануға,
Алайда, асып-тасып, ақтарылма.
Кімдер болып, ал кімдер болмай жатыр,
Аумалы да төкпелі шақта мына.
 
Бақытты бол, жұлдызың жанған шығар,
Кез емес қой, бірақ та арман тынар.
Бір арманның беліне мінгеніңмен,
Бір арманың бұлақтап алдан шығар.
 
Адам, сірә, бақытын місе еткен бе,
Армандайық, армансыз кісі өткен бе.
Байламы жоқ бақытқа құлдық ұрмай,
He жетсін арман қуып, іс еткенге.
 
Көңілімізді бақытпен алдандырып,
Арман қуып келеміз, арман қуып.
Арман барда, арманға тоқтау бар ма?
Жан бар ма екен арманға салған құрық?!
 
 -,деп Мұқағали атамыз жырлағандай, өмірдің өзі армандардан құралған. Ұсақты армандаудан басап, үлкенге құлаш ұрамыз. Қанағат та керек дүние, "бақытты болғың келсе, қанағаттың кілтін жоғалтып алма" -, деген. 
           Өзіммен қатарлас, түлек болғалы отырған замандастарыма сәттілік, жаңа өмірге басқалы отырған қадамдарыңа нақтылық тілеймін! Жарқын болашаққа айқын біліммен аттанайық!
 
Арман қуып өткерсең де күніңді,
Білім іздеп өткізгейсің түніңді.
Кешегі күн босқа өтсе қамықпай,
Бағалағын әр сәтіңді бүгінгі!
 
Автор: Арапханұлы РЫСБЕК