Ұлт ұяты
жеке
блог

Ұлт ұяты

Ұлт ұяты

Халқымызда «Ұят» сөзі-өте қастерлі ұғым.Ұлтымыз ұятты алдыңғы орындардың біріне қояды.Ежелден ата-аналарымыз балаларына ұят сөзін құлақтарына құйып өсірген.Тіпті халқымыз тілін, дінін, тарихын, салт-дәстүрін ұмыта жаздаған өткен ғасырдың өзінде, ұятты ұмытқан жоқ.Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсеткен.Үйге келген қонақты сыйлап, алдына үйіндегі бар асын қойған.Қазақ халқы өте қонақжай халық екені бәріне мәлім.Елімізге жер аударылып келген өзге ұлт өкілдеріне үйінен орын тауып, алдарына ішіп-жеуін қойып, өздерін жат санамауы үшін барлық жағдай жасаған.Осының бәрін не себепті істеген деп ойлайсыздар?Себебі, халқымыздың қанында ұят пен қонақжайлық бар.Өзгеге көмектеспеуді халқымыз ұят санайды. Бұл өте орынды нәрсе.

Халқымыздың ұят деңгейі бүгін қандай жағдайда?Қызға қырық үйден тыйым салған, ер-жігіттердің елін-жерін қорғамауын масқара санаған қазақтың ұяты бүгін қандай жағдайда?Бұл сұрақтарға жауап беруден біраз қиналғанмен, айтпауға болмайды.

Бүгінгі күнде кейбір ер-жігіттер елін қорғаудан бас тартып, қыздар секілді киініп, қыздар секілді мінез көрсетуді шығарды.Бұл әрине ұлтымыз үшін ұятты жағдай.Кейде мені олар өз менталитетіне, дініне қарамақайшы іс істеп жүргендерін біле ме екен деген сұрақ мазалайды.Өздері қоймай, артындағы өсіп келе жатқан ұрпаққа кері үлгі-өнеге көрсетіп жүргендерін біле ме екен деген сұрақ тағы да мазалайды. Бұл мәселе уақыт өте келе түзеледі деген сенімдемін.

Қыздар жайлы айтсам,қыздарымыздың да ұяты оңып тұрған жоқ.Қанын бұзбау үшін жеті атаға дейін қыз алыспаған халқымыз, қыздарын өзге ұлт өкілдеріне беріп отырғаны,өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға қыздарымыздың өздері ниет білдіріп отырғаны мені қатты қынжылтады. Өзіміздің емес, өзге ұлттың санын көбейткісі келгендері, ар-ұяттың жоғалып бара жатқанын көрсетеді.Бұл жағдайды шұғыл түрде түзеу керек.

Ең алдымен жас ұрпаққа «ұят» ұғымын түсіндіріп,одан ауытқымау керектігін түсіндіру қажет.Ежелден келе жатқан ұлтымыздың ұяты қандай болған,қазір де сондай болып қала беруі керек. Қазақ қыздары тек қазақ жігіттеріне тұрмысқа шықса, елбасымыз айтқандай елімізде ұлтымыздың саны біршама өсіп, 100-ден 90%-ын құрайды.Бұндай көрсеткіш болғанда, еліміздегі халықтың бәрі 100% қазақ тілінде сөйлейді деген сөз.Ал, ер-жігіттеріміз өздеріне сай мінездерін сақтап, Отан алдындағы борыштарын толықтай атқарса, әрбір қазақ патриот болады деген ойдамын.Алла қаласа ол күн де алыс емес, Алла қаласа ол күнге де жетеміз!