Ұялшақ студент
жеке
блог

Ұялшақ студент

         Пікірлеріңізді сұраймын:

      Осы адамдарға ақша, билік келсе кеудесіне нан пісіп кететіні бар. Ал студент атағына ие болғандардың өзінше болып кететіні несі екен?!

      Студенттік өмір, кімнің аузынан естісеңде қызығы мен шышығы мол өмір ғой дегенді естисің. Алайда, бәзбіреулерді ол да қызықтырмайтын секілді. Тегінде, адам баласына ағайын-тума, дос-жаран, ойын-сауық, күлкі-думан атаулысының бәрі жанына жақын келеді. Онсыз адам қызығы жоқ, сүреңсіз өмір кешпей ме!?

       Мектеп бітіріп, студент атанғаннан кейін, әркімнің де жаңа ортасы пайда болады. Біреуге жақсы әсер етсе, енді біреуі ортасына сіңісе алмай жатады. Біреуге тіптен керісінше әсер етуі де мүмкін. Негізінде, студенттер қоғамның белсенді өкілдері. Бір топ ән айтумен, екіншісі биімен, ендігісі әзілімен көзге түсіп жатады. Бірақ, сол топтың ішінде көп сөйлемейтін, сабағына келіп, артқы орынға жайғасып алып, сабақ біткенше табжылмастан бір орында отырып, телефон шұқылаумен ғана шектелетін біреу болады. Бұл - ашылып ойын айтуға қымсынатын, артық сөйлеуге ұялатын, бірақ, ішінде керемет таланты тығылып жатқан адам болуы мүмкін. Басқалары да қызық, ондай адамдарды әңгімеге тартпай, тіпті оның бар-жоғын ескермей, қойшы соныға салады. Олар енді бұдан кейін де солай болып қалады. Себебі, ойын айтқысы келіп тырмыса бастаса, біреу оны мазақ қылатындай күй кешеді (ондайлар жоқ емес бар). Бұл болашақта жұмысқа орналасуына, шаңырақ көтеруіне қиындық туғызары хақ. Сондықтан да өзімшілдікке салынбай, жанымыздағы досымыздың қандай күйде жүргеніне назар аударып қойғанымыз абзал. Бір адамның жақсы жаққа қарай өзгеруіне сеп болсаң, өзің де мың сауапқа ие боларсың!

      Немесе, өзіңді өзің қолға ал! Иә, сізге айтып отырмын, кейіпкер. Адамды жеңетін өзінен асқан қару жоқ деседі. Өзіңді өзің жігерлендір. Өзіңді өзің қайра. Өзіңе батылдық сыйла. Ол сенде жоқ па? Бар!