Мемлекеттік тіл кімге жақпады?
жеке
блог

Мемлекеттік тіл кімге жақпады?

Семей қаласы Қазақ елінің рухани астанасы екендігі баршамызға мәлім. Ел болғалы 25 жылдан асса да кеңес үкіметінің қазақ тіліне деген ұстанған сұрапыл саясатының зардабын әлі де шегіп келеміз. Алайда бұл тұрғыда мемлекетіміз қазақ тілін жаңғыртуда көптеген бағдарламаларды әзірлеп жүзеге асырып келеді. Оған бір мысал ретінде Елбасының таяудағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге алуға болады. Осы орайда, Семей қаласында барлық этнос өкілдерінің, мәдени бірлестіктердің қатысуымен «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» атты ауқамды іс-шарасы өткен болатын. Шара қаланың әсем де және көрікті, орталық демалыс саябағында бой алды. Жиналған халық мерекелі көңіл күйде болып, ұйымдастырушылардың әзірлеген мәдени шараларына қатысып тәнті болғаны анық. Алайда, орталық саябақта жүрген орыс редакциясының журналисттерінің бұл шараның мағынасын түсінбей кеткен сынайлы танытып, фейсбук желісіндегі парақшаларда жазған пікірлері қаяу түсіріп, намысты оятады. Оған себепші болған Алла Белякина есімді Семей жұртшылығына танымал «Караван» газетінің меншікті тілшісі. Ол фейсбук парақшаларының бірінде «Фестиваль не пойми кого» деп бастаған постында, мемлекеттік тіл, қазақ тілінің мәртебесіне ұйымдастырылған іс-шараны жоққа шығарып, фестивальге қатысушылардан сұхбат ала алмай әлек болғандығын, мына жерде қандай мереке өтіп жатқандағын біле алмай кетекендігін сынайлатып, қазақ тілінің мәртебесіне қара бұлт түсіріп жазған.

Facebook скриншот

Қазақ тілінің жанашыры оқып қарайтын болса, бұл пост тырнақ астынан кір іздеген адамның іс-әрекеті ретінде қабылдауға болады.  Онымен қоймай  халық қалауын, яғни депутатты бір жүгірмек етіп көрсете танытуы мүлдем шеттен шыққандық.  Қазақ тілінің мәртебесі үшін жасалған іс-шараға өзі келгендігін  білмей ме? Әлде бұл ханымның өзі қазақ тілін білмегендігі, не қазақ тіліне құрмет көрсетіп жатқан іс-шара, ішіне сыймағандығы ма?

Бәрін қойда бірін айт. Бұл постқа бір қазақ тілінің жанашыры пікір жазбады, қарсылық білдіре алмады, қазақ тілінің намысын қорғай алмады.

Алайда, А. Белякина ханым тек «Караван» газетінің тілшісі ғана емес, фейсбуктегі қолданушылардын айтуы бойынша «BNEWS.kz» жаңалықтар порталында «Алла Радченко» псевдонимінде  тілші екен. Бұнда журналист ханым, орыс тілінде өткен шараны әдемілеп жазыпты. Тіпті фейсбукта жазған пікіріне қарама-қайшы. Осыдан адамынын екі жүзділігін анғарып, айтуға болады. Журналист этикасы қайда? 

Сол сияқты, «Семей айнасы» ақпараттық агенттігі бұл пост туралы сілекейін ағызып жазыпты.  Ол туралы  агенттіктің тілшісі Лейла Уразбаева ханым  «Провели для «галочки»?» - деген мақаласында хабарлайды. 

Орыс редакциясының журналисттерінде, журналистикалық этика жоқ. Осындай мақалалары ұлтаралық араздықты туғызатынын түсінбейме? Кім үшін? Не үшін? Қандай аудитория үшін жазып отыр осындай арсыз мақаланы?