Күнделік беттерінен

Күнделік беттерінен
жеке
блог

11 ақпан 2017 жыл.

Таңғы Өскемен. Соңғы айдың өзінде, мың құбылған ауа-райы осы жолы көктем жақындады деп өзінің бір сағымымен алдапты. Бұл жолы, қытымыр аязымен қыса түскен суық қап пәлем тұра тұр деп, қайта күшіне енді. Сенбі. Аялдамадан түсе салысымен, тезірек жылы колледжге асықтым. Денемнің барлығын қанша қымтансамда, таңғы үскірік тырнап барады. Мен түскен 54 ші автобус енді ғана бір жаққа қарай ойбай белім деп қисалаңдағандай, суықтан бусанып, жол шетіне тиер-тимес, кетіп барады.

 Ал енді маған таңдау керек. Не, түзу жолмен тура барамын, не, үйлер арасымен жол қысқартамын.Негізі, менде бір әдет болған, ол әрдайым колледжге барғангда, әртүрлі жолдар қарап бару, алайда бұл жерде тек екі-үш түрлі жолдан асып түспейтінін білгесін, бұл жаңа әдетімді қойдым. Тезірек жүріп, екініші жолды таңдап кетіп бара жатқанымда, Ол пайда болды.

-Неліктен үйлер арасымен жүргің келді?

-Себебі, қазір таң енді-енді атып келеді. Бұл үйлерге қарасам, терезелерінің бірінде енді жарық түскен, ал екіншісінде мүлде жарық жоқ, соларды көзбен шалып қалуға болады. Таңғы қарбалас.

-Саған сонда соларды бақылаған қызықпа?

-Көбінесе, сабаққа ерте болады, сол кезде барлығын ақырындап бақылаймын. Мысалға, мына көп қабатты үйдің, төртінші қабатында, 43 ші үйде, бір балерина тұрады.

-Сен оны танимысың?

-Жоқ, мен оны ойдан құрастырдым. Қазір ол әне, кухняда асығыс кофе ішіп жүр.

-Ол туралы тағы да айтып берші.

-Ол, кішкене балаларға сабақ береді, биден, және фортепианода ойнайды. Бұрын, кішкене кезінде, есту қабілеті нашар болып ауырған және қаладан тыс бір жерде анасымен ғана тұрған. Кейін, музыка, бимен айналысу оған жақсы әсерін беріп ол жазылып кетен. Міне.

-Олай болса, әне, рюкзакпен кетіп бара жатқан жас жігіт,оның екініші жартысы болсын.

-Олар, осы жерде таныссын.

-Жоқ, болмайт, ал егерде, ана қыз шын мәнінде жай ғана бір дүкеннің сатушысы болып шықсы ше?

- Олай болмайды. Сен бәрін құрттың.,-дедім де, тезірек жүріп, наушникпен музыка қоса бастдым.

-Ей, сен адамдарды бақылаймын дедің, келіспейді, енді наушникпен, жерге қарап зытып барасың, тоқта.

-Мен жай ғана қиялдап келемін.

-Ол қандай?

-Аспан түсіне қараш.

-Ия, аздаған қою көкті және алқызыл түстес, біраз түн қараңғылығымен аралас.

-Міне, осындай менің қиялым.

-Стоп. Ертегі аяқталды. Сен колледжге жақындап келесің.

-Біз, бір-ақ рет өмір сүреміз ғой.

-Сонымен?

-Осы жаңағы аспан түстес арманымды орындағым келеді.

-...

Осы сөзден кейін ол жоғалып кетті. Бу болып ұшып кеткен болар, не менің арманымды, Айға алып кетен болар. Орнымда тұрып, түн әлі сейілмеген, қысқы аспанға қарадым. Нүктедей болып, бір жұлдыз өшердей маужырап тұр.