Құлагерді қалай сипаттады?
жеке
блог

Құлагерді қалай сипаттады?

Қазақ халқының әнші-ақындарының ең көрнектілерінің бірі Ақан серінің қанатты тұлпары Құлагер тағдырын білеміз. Зәбір көріп озбырлықтан өлген Құлагерді өлеңдеткен сері әр қилы психологиялық күйлерге  ауысып, арасында тұлпарын сипаттаған жолдарына тоқталмақпын. Яғни, Ақан сері Құлагерді қалай сипаттаған? 
 
Әдеттегі, серінің сүйсініп не басқаша сипаттаған емес, жақынын жоғалтқан қайғылы жанның сипаттауы. Яғни, өлең жолдары сағыныш сынды сезімдерге толы. Мысалы, 
“Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағы елге шыққан дабысыңнан”. 
Айтқанымдай, сағынғаны бар, оған ұштаса білінер-білінбес ашуы мен айқын көрінетін қайғылы сарын да бар. Әдетте, серінің жағдайындағы мұндайда не дерін білмейді, ал Ақан ағамыз өте алапат эмоциясын жүйелей, әрі ұйқасын таба алған. Меніңше, осы қасиеті ағамнан енді танылған керемет дарыны. 
Түйініне келсек, алғаш келтірілген қос жолдан тұлпардың сері жанындағы алар орнын байқаймыз. Ал келесі келтірерімде, бастапқы сезімдер дамый түскендей болады. 
  Яғни, Ақан сері құлагерді жоқтау сезімдерімен сипаттаса, өлеңді ары қарай оқый түссе, ақынның сағынышы толық байқалады. 
“Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,
Жарасар келте жібек құйрығың-ай”.
Құлагердің образын, жоғалтқан тұлпарының әр ерекшелігін еске алып жатыр деп түсінемін. Тек өзімізге жақын жанды еске алсақ, кезектеп оның әр қасиетін еске алатынымызды ескерсек, Ақан серінің осы жолдарын сезе аламыз. Қанатты тұлпарының жақындығын, оның сол кездегі күйін түсіне алсақ, яғни тұлпарының соншалықты зәбірмен өлтірілгені, өлтірген адамның айуандығы мен оларға деген ашу-ызасы бәрі тек бастама, тек түйін екенінк түсінеміз. Сипаттаса, естеліктегіні өзінің мұң тербеген сезімімен сипаттады.
 Қорытындылай келе, осы жазбада Ақан ағамның дарынына қанық қылған талдау барысында, әр жас-өспірім сезе алуға тиіс өзге адам болмысын таный түстім. Маңыздысы тұлпардың сипатталуы емес, Ақан серінің дарыны және маған осы тақырыптың түскендігі.