Ол – жеңімпаз!

Ол – жеңімпаз!
жеке
блог

Көптен күткен финал да өз мәресіне жетті. Ел болып шамамыз келгенше отандасымызға жанкүйерлік еттік. Осы 4 айдың ішінде ол туралы біраз ақпараттар жазылды. Сайтымызға өз әлімізше ізденіп, сапалы материалдар беруге тырыстық.

Димаш осыған дейінгі кезеңдердің барлығында да өте сәтті өнер көрсетті. Оның аты тек Қытайға ғана емес, бүкіл әлемге жетті. Тіпті, француздардың өзі оған бағдарлама арнады. Димаш үшін бұл байқау үлкен тәжірибе болды. "Азияның ең танымал әншісі", "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлделерін жеңіп алды. Бұл біз үшін, қазақ халқы үшін үлкен мәртебе. Ол өз мақсатына жетті, ойындағысын түгелдей орындап шықты. "Дайдидаудыә айтқанда тебіренбеген қазақ жоқ шығар...Сол арқылы бүкіл Қытай жұртшылығы қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеді.

Қытайдың бұрыш-бұрышында оны ерекше қошеметпен күтіп алатын дәрежеге дейін жетті. Қытайлық ірі компаниялар оны жарнамаға түсуге шақырды. Димаш арқылы бұрын соңды болмаған көрсеткішке жеткенін жарыса жаздық. Тіпті, Қытайдың weibo әлеуметтік желісіндегі Димаш туралы ақпараттардың көрілімі 3 миллиард 640 мыңға жеткен. Бұл дегеніңіз, Қытайдың халқының санынан көп. Оның әр өнер көрсетуін асыға күттік. Кішкене, финал жөнінде өз ойымды айта кетсем.

Өз ойымша, Санди Лэмнің алатыны әуел бастан белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар да айтылды. "Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды" деген бар ғой. Осы әңгіменің өзінен шындықтың ұшқынын байқағандай болдық. Бас жүлдесін беріп қоятын Қытай ақымақ емес. Бұның астарында үлкен саясат жатқанын да іштей сездік. Бір нәрсе ғана айқын, Санди Дэм 1-орынды тек өз елінің атақты əншісі болғаны үшін ғана алып отыр. Оның Димаштан аса алмайтынына күллі әлемнің көзі жетті деп ойлаймын. Оның үстіне ол көбіне қытай тілінде ғана айтты. Ал, Димаш қазақ, орыс, қытай, ағылшын, итальян тілдерінде ән шырқады. Димаш өзін әр қырынан таныта білді. Бұл мақтау емес. Шындығында солай екені бәрімізге мәлім. Ол кеше айтып еді: "Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын!" деп. Расында да, ойлап қарасақ, оның миллиондаған жанкүйерлері барда ол жеңімпаз! Димаштың жеңісі – қазақ өнерінің жеңісі! Сондықтан, еңсемізді түсіруге болмайды. Көресіздер әлі, бұл бастамасы ғана...