Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жемқорлықты болдырмас техникалар дүниеге келсе...

Жемқорлықты болдырмас техникалар дүниеге келсе...

Жемқорлықты болдырмас техникалар дүниеге келсе...

Елімізді ғана емес, әлемді жаулаған мына жемқорлық атаулыға қарсы жасар шара қалды ма? Әлемді қоя бергенде, елімізде етек алып жатқан жемқорлық оқиғалары күннен-күнге жаға ұстатарлық жағдайға жеткізіп жатыр. Жемқор дүниенің жағасына кетпей, осы бір қасіретті жеңетін қайсар да батыл ұлтымыз қайда? Қайсар, батыл талай бұлбұл, дүлдүл дегендеріміздің өзі де қазір осы жемқорлықтан айналып өтер емес. Жер-жерде жемқорлық орын алған болса, Қазақстан бойынша әрбір бесінші адамның әр аттаған қадамында үш-төрттен таныс-тамыры отырса, қоғамды аға-көкелеріне сенген жұрт кезіп жүрсе, бәрін тіреп келгенде ақша шешер болса өмір сүрудің не мәні, мағынасы қалды? Қайда барсаңда, қайда жүріп, қайда қонсаңда алдыңнан атып шығар осы ЖЕМҚОРЛЫҚ атты құбыжық дүние. Мені таңғалдыратыны, адамдар осының барлығын біле тұра көпшілік жағдайда көз жұма қарайтындығы. Қашанғы алдамшы өмірде өзімізді де, өзгені де алдап жүре бермекпіз? Заманымыз қандай ағынға бұрылуда? Шаруасын шешер қаражаты жоқ, аға-көкесі жоқ, таныс-тамыры жоқ қарапайым халық қайтіп күн көріп жатыр, қайтіп күн көрмек?

Эволюция бойынша түсіндірер болсақ, сонау балабақшадан басталық. Бала дүниеге келген сәтте ата-ана міндетті түрде балабақшаға кезекке тұрады. Кезегінің жылжып жатқандығына сеніп үйінде отырған ата-ана, қалталы адамның барып кезексіз баласын балабақшаға орналастырып, зорыға күтіп отырған кезегінің баяу жүріп не жүрмей бір орнында тұрғандығын қайдан білсін?! Қандай кезекпен болса да әйтеуір бүтін-аяқ балабақшаға бердік пе деп жүрген сәтте уақыт зымырап, мектепке берер кезеңде жақындап қалады. Мектепке де осындай жағдаймен келген бала 11 жыл мектеп қабырғасында білім алады. Сол мектеп қабырғасында білім беріп отырған маманның өзі білімді ме? Қазіргі алып жатқан мектептегі білімнің тамыры дұрыс емес дер едім. Көпке топырақ шашпаймын, алайда сол мектеп қабырғасында жүрген көптеген жас мамандардың қолдарына ұстаған қос беттік дипломы сатып алынған дүние шығар...

Дипломды сатып алды делік, білімі жоқ адам білімнің алғашқы сатысындағы, жаңа жетіліп келе жатқан еліміздің болашағына арқау болар жандарға нендей білім бермек? Баланың басындағы білімі, ақыл-санасына емес әлеуметтік жағдайына көп қызығатын ұстаздар да осыдан шығады. Ондай қырымен көзге түскен оқушының айтқан сөзі дұрыс болмаса да дұрыс болып, “3” деген бағаға лайық болса да қалай “5” алып кеткенін өзге түгіл оқушының өзі де түсінбей қалатын кездер болады. Сонымен не керек, мектеп қабырғасында түрлі төңірегінде ақша жүрер, “өтірік” білімдік олимпиадалар бар екендігі баршамызға мәлім. Әрине мұндай олимпиадаға барар оқушының, әлеуметтік жағдайына қарай сеніп барар дүниесі де әрқалай болмақ. Басына сеніп, барлығына қай жағынан да сенімді болып баратындары бар, алайда жеңістің тізгінін расымен де сол оқушылар ұстайды дегенге сенесіз бе? Жоқ әрине, бұлай десек керемет сценарий бойынша құрылған ертегі болып кетер еді. Бұл жолы да жолды кеспектеп өтер басында жеткілікті білімі болмасада бай баласы, сол ақшаға сенген, талтаңдаған оқушы. Оған да көз жұмдық делік, 11 сынып аяқтар тұста барлығының да ҰБТ атты үлкен сынаққа кезігері мәлім. Бұл жақта жағдай қалай болады?! Ешқандай айырмашылығы жоқ, сол олимпиададағы жағдайдың кеңейтілген түрін ғана көре аламыз. Бұл жақта да барлығын шешетін сол бір көп мөлшердегі қызылды-көкті қағаздардың буы, солардың иісі.

ҰБТ-дан қиналмастан жоғары баллды қанжығасына байлап шыққан бала “білімсіз бала”, Қазақстанның ең беделді ЖОО түсетіні сөзсіз. Ал ақшаға емес, 11 жыл бойы алған біліміне сеніп ҰБТ-ға кіріп, алайда көптеген себептерге байланысты өзінің де өзгенін де үмітін ақтай алмай қалған, бірақ басында өзгелерге қарағанда сәл де болса білімі бар оқушы беделді ЖОО баратын танысы да, ақшасы да болмай ата-анасының қалтасын қақпайын деп ойлап жәй ғана оқу орынға түсе салады. Ең беделді ЖОО-да топырлаған өңшен жан-жақтан жиналған “атап айтқан” үлгідегі студенттер, университет қабырғасында да сол дәстүрді жалғастыруды жөн көреді. Университетте шаруа сәл жеңілірек болмақ, өйткені 11 жыл мектептегідей арпалыс емес, бар-жоғы көзді ашып-жұмғанша өтіп кетер 4 жыл ғана. Әлгі бала алдында кезігер барлық емтихандарды ақшамен шешіп, түптін түбінде дипломды да сатып алады. Жоғарыда айтқан мектептегі білімсіз ұстаз секілді мамандар осыдан келіп шығады. Педагогика саласындағы дипломды сатып алып, санасыз ұрпақ тәрбиелеу, медицина саласындағы дипломды сатып алып, адамдардың өміріне қастандық жасаудан жақсылау ма деп ойлап қаламын кейде. Ойламасқа амал жоқ, өйткені қазіргі кезде ойымыздың өрістеуі бір шаршының ішіне қоршалып қалғандай-ды. Енді ол студентке деген өмірдің бір кезеңі-жұмысқа орналасу. Одан да құтылып өтіп, таныспен бір мекемеге кірді деп есептейік. Алайда ол сол салаға қатысты білімі болмаса, ісін қалай дөңгелетеді деп ойлайсыз? Әрине, ешқандай да іс жүрмейді, еліміздегі көптеген мекемелер осының салдарынан жабылып қалып, еліміздің беделі біршама түсуі де ықтимал. Ал, сол мекемені көкке шарықтатар сапалы білімі бар, таза дипломы бар маман жұмыс таба алмай тентіреп жүргенге қалай қарар едіңіздер?

Бұл көрсеткен эволюция барысында бір ұлағатты сөзді еске алсақ: “Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін”. Мұндай жолмен қызметке келген азамат пен азаматшаларымыз елімізді қалай көркейтіп, дамытпақ? Таяқтың бір ұшы - өзіне, ата-анасына, екінші ұшы - өмірлік жолында оған қолдау көрсеткен адамдарға (балабақшаға қабылдаушы, мектептегі ұстазы, университеттегі ұстаздары, жұмысқа қабылдаған адам) тиетіні сөзсіз. Қоғамда адамдар мұндай жағдайды көре тұра, көз жұма қарайтын болса, қазіргі инновациялық, технологиялық,талай техниканың ойластырылып жатқан кезеңінде неліктен жемқорлықты доғартатын техника ойлап таппасқа? Бірақ мұндай техниканы ойлап табу үшін де білімді ұрпақ қажет.

Бүгінгі таңда мүмкін санаулы ғана өз ісінің мамандарын табатын шығармыз, алайда болашақта еліміздегі жемқорлықтың салдарынан сапалы білімі бар мамандарға тапшы боламыз деп мен толықтай айта алатын едім. Елімізді мақұрымдық, мәңгүрттік, білімсіз ұрпақ жауламай тұрып, мұның шешімін тауып, елімізді бұл жағдайдан арылтуымыз қажет. Бірден-бір бұл мәселенің шешімі-жемқорлықты болдырмау, одан біржола құтылу. Олай болса қоғамның басын біріктіріп, бұл мәселеге тойтарыс беру сіз бен біздің қолымызда.

0
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 26 қараша, 04:24
Тегтер: Жемқорлық, техника

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.