Қазақта да медицина бар

Қазақта да медицина бар
жеке
блог

Тәуелсіздік алып,шекарамызды шегелеп өз алдымызға отау құрғанымызға ширек ғасыр болса дағы әлі де мойындалмаған шындықтың бары жасырын емес. Тіпті заңмен бекітіліп, мемлекттік мәртебе алған ана тілімздің төңірегіндегі дау әлі толастаған жоқ. Қазақтың ұлттық өнері,салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары,спорт ойындары мойындалған. Барлығынан кенде емес қазақтың медицинасы жоқ десек сенесіз бе? Жоқ әрине, қазақтың ұлттық медицинасы бар. Қазіргі уақытта емшілік,тәуіпшілік секілді балама атаулармен алмастырылып қолданылып жүр. Ал тарихта алғаш қағазға түсіріп емдеу жолдарын жазып қалдырған даңқты шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. "Шипагерлік баянды" естімеген қазақ жоқ шығар сірә? Алысқа бармай-ақ  Қытайды мойындатқан қазақ медицинасын өзіміз әлі күнге мойындамай жүрміз. Аспан асты еліндегі қандастарымыз "Қазақ медицинасы" орталығын ашып, бүгінгі таңда нәтижелі жұмыс жасап жүр. Қысық көзді көршілеріміз жайдан-жай қызығушылық танытып отырмағаны даусыз. Өз қатесін кеш түсінетін қазаққа, кеш болса да өз медицинасын мойындар күн туар?! Біздікі пікір білдіру. Сіз не дейсіз!