Шаш сәні: бұйраланған шашты түрлендіру

Шаш сәні: бұйраланған шашты түрлендіру

Бойжеткендер үшін шаш сәнінің рөлі зор. Көп жағдайда көңіл-күйі шашының дұрыс таралуына да байланысты болады. Шашына түрлі үлгіні жасауды жақсы көретін қыз қауымының таңдауы бойынша, шаштың тым жинақы болмай тұруы биылғы жаз мезгілінде де сәнге айналуда. Әдетте шаштың көлемді етіп бұйралануы және бас терісіне жабысып тұруы ұсқынсыз көрінеді. Сондықтан шашымыз жұқа, қалың болса да, оған майда бұйра салуға болатынын ұмытпайық. Ол үшін фен, қысқыш, щетка немесе тарақ қажет. Қажетті заттарымыз дайын болса, іске кірісейік!

  1. Шашқа көлем бермес бұрын оны тазалап алыңыз. Ұшына аса көңіл бөліп, жұмсақ сусабынмен жуыңыз. Артынша феннің көмегімен 80% кептіріңіз. Таза шашты тістеуікке жоғарғы бөлігінен бастап ораңыз.
   2. Шашты арнайы тарақпен түтіп тараңыз.
     3. Түтіп таралған шашты түйреуішпен айқастырып қыстырыңыз.
     4. Шашыңыздың кішкене бөлігін алып ораңыз. Бұдан кейін пайда болған бұраудан шашты (шаштың жартысын ғана) жоғары қарай тартыңыз.  
     5. Осы шашты да басқа шашыңызға қосыңыз.
     6. Жоғарыдағы әрекетті бастың екінші бөлігіне қайталаңыз.
     7. Бұйраланған шаш бір-біріне жақын орналасуы тиіс.
     8. Кейбірінің көлемін ұлғайтуыңызға болады.
     9. Шаштың төменгі бөлігін басқасына қоспай, жылан секілді иіріп қойыңыз. 
     10. Кешкі шаш үлгісі дайын!

Той-томалаққа баратын болсаңыз, арасына гүлді шпилкілерді қосып қоюыңызға болады. Ескерту: шаш сәнін жасау барысында лак секілді қатырма өнімдерді көп пайдаланудың қажеті жоқ. Бұл шашты ауырлатып жібереді, әрі көрінісін бұзады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mer-si.ru, Ая Бапанидің вк желісіндегі парақшасынан

Қ. Бүйенбай