Ой сынағынан өткізу

Ой сынағынан өткізу
жеке
блог

Бүгін міне, жаңа күнің аяқталуына бірнеше сағаттар қалды. Уақыт деген зымырап ұшқан құс секілді. КЕше ғана 9 сыныпқа қадам басып,оқу жылын бастаған едім. Ал, бүгін міне, санап отырсам, оқу жылының аяқталуынада аз қалды. Ары ойланып, бері ойланып 11 сыныпқа қалам деп шештім. Иә, айтып жатқандай 11 сынып қиындап бара жатыр. Не істейін? 6 сыныптан бастап," Журналист" болам деген бала арманым еді. Сол арманыма қол жеткізу үшін, неге болсам да дайынмын. Қасымдағы адамдардың көбісі:

-Сенен журналист шығу мүмкін дейсін бе? Қой аузынан шөп алмайтын адамсын,- дегендей келемеждейді... Сол сөздер ойымы келсе, ызамда келеді. "Мотивация" дейді ғой.. Міне, осы сөздер маған күш берді. ОЛардың пікірінше мен сол сөздерден кейін,сағымды сындырғандай сезінеді. Керісінше, әр адам өз пікірін айтуға лайықты. Дгенмен солай екен-ау деп қабырғаға қарап отыра бермеңіздер. Өз басым кемшіліктерімді ескеріп,жаңа бір жұмыстарға қадам басып, өзімді дамытқанды жақсы көремін. Мысалы,жаңа тақырыптарға шағарма жазып,барымша ойымды айтуға тырысамын.Бос кезімде Мұқағали Мақатаев ағамыздың өлеңдерін оқығанды ұнатамын.

Менің айтқым келгені Тек жақсылықты ғана ойланыңыздар,сонда алдарыңыздан жақсылық шығады. Арманыңыз болса,соған қол жетпенеіңізше еңбек етіңіз.Айналаңыздағы адамдардың жағымсыз ойларына құлақ асуды доғарыңыз. Бұл сізге мүлде пайда әкелмейді. Уақытты босқа жіберіп алмаңыздар. Бүгінгі күн ертең қайталанбайды. Әрбір атқан таңыңызға күлімдеп қараңыз. ең бастысы өздеріңізге сеніңіздер дегім келеді.