Адамдық қағидалар
жеке
блог

Адамдық қағидалар

Басқадан жамандық көрсеңде,жақсылық жасаудан бас тартпа.

Жақсылық ғибадат етумен бірдей,жамандық атаулымен жанаспайды. 

Өркөкірек болма. Көкірек адам сарымсақ сасыған ауыз сияқты,əркімді өзіңнен алыстатады.

Момын бол.Кішіпейіл адам жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашының жерге иілуі жемісінің  көптігі.

Өзіңнен жоғарыдағыларға емес,төмендегілерге қара,жаның жәй табады.

Тірлігіңде жəне сөзіңде  туралықтан ауытқыма, Құдай турашылдардың жəрдемшісі.

Еңбек ет.Əрдайым еңбек ет.Бірақ қатты кетпе.

Өйткені не нəрсе болсын қатты кету - жемісті еңбектің,денсаулықтың,бақыттың дұшпаны болып саналады.