Мейрамханадан балық аулаңыз

Мейрамханадан балық аулаңыз

Жапондық мейрамханалар келушілерді ерекше қонақжайлылығымен баурауды біледі. Басқа мейрамханаларда суши ұсынылып жатқанда, "Zauo" мейрамханасының даяшылары "Өзіңіз жейтін балықты, өзіңіз ұстаңыз" деген ұсыныс білдіреді. Қолыңызға қармақты ұстатып, балықтың түр-түрін көрсетеді. Суда жүзіп жүрген балықтардың барлығы жеуге жарамды болғандықтан, кез келгенін ойланбай аулай беруіңізге болады. Балықты қалағаныңызша аулап, аспазшыға дайындау әдісін де өзіңіз ұсынасыз. Мұнымен қатар, қайықтың ішінде отыруға болатын вип орындар да бар.


Бұл мейрамханадағы тағамдардың мерзімі жайында уайымдамасаңыз да болады.


Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rambur.ru

Қ. Бүйенбай