Заң және шешендік өнер туралы

Заң және шешендік өнер туралы
жеке
блог

Құрметті оқырман, бүгін назарыңызға «Заңдылық пен әділдікке құштарлық» кітабының екінші тақырыбын ұсынамын. Бұл блогтан заң және шешендік өнер туралы қанатты сөздерді оқи аласыз.

1

1. Иә, заманды сөккеннен пайда жоқ. Бәрі де адамның өзіне байланысты боп қала береді. Заманды да жетілдіретін адам емес пе?

2. Иә, заңды аттаған адам әділетсіздікті жақтаған боп табылады ғой. Қай адам болмасын, әділсіздікке жақтасса, жасаса, тағдыр бәрібір оның сыбағасын береді. Ешнәрсе жауапсыз қалмайды деген түсінікке сенемін. Дегенмен, еліміздің өзінен заңнан алыс, әділетсіздікке жақындығымыз байқалып жатады. Бұлай жалғаса берсе, берекеті жойылатындай көрінеді де тұрады.

3. Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбаттырақ деген түсінікке жақын екен. Бір жағынан заңға деген әділдігің осы Отаның мен халқыңа деген құрметіңді білдіретін болса керек. Әйтпегенде, заң деген Отан мен халық өмірі үшін жасалады ғой.

4. Рас, билікке келу де оңай емес. Ал одан айрылу өмірдің мәнін жоғалтқанмен тең болатын шығар. Бірақ билікке жеткен адамның бұзылғаны жақсы нәрсе емес. Керісінше, адам сондай биіктерді бағындырған сайын жетіліп отыруы керек сияқты. Әрине, байлық пен атақтың адамның көзін байлайтыны жасырын емес.

5. Бұған мысал ретінде еліміздегі қаншама оқиғаларды көріп, бақылап жүрміз. Заң заң болудан қалғасын, адамды да қажытады екен. Көндіре алатын «күш» тек өз ыңғайына келетін заңға жақын.

6. Адамды қанша категорияға бөлсек те, жақсы мен жаман деген негізгі түрінен алыс болмайды. Жақсы адам мүлдем жамандығы жоқ адам емес. Керісінше, жақсы адам деп жамандығынан жақсылығы көп адамды білеміз. Адам жаратылысы болған соң пендешіліктен аттап өту қиын.

2

7. Бұған ұқсас пікірімді жоғарыда жазған болатынмын. Жалпы, бұл құбылыс бұрыннан жалғасып келе жатқан болса керек.

8. Иә, заң факультетінде оқитын студенттер де заңды дұрыс біле бермейді. Бір қарағанда заңды жаттап алу оңай көрінеді. Бірақ екінің бірі заңды біле бермейтіні анық. Заң да күн сайын өзгере береді.

9. Осы заңды сақтамайтын адамдар өздерінің кім екенін білмей жүр-ау. Әлбетте, заң халыққа тиімді болуы керек. Егер биліктің шығарған заңы елдің мазасын қашыратын болса, ондай заңды аттағаннан артық жақсылық жоқ.

10. Сол секілді билік қандай заңды шығарса да, халық үшін пайдасы болуы керек. Зияны болатын болса, халықты қажытатыны бар болса, оны заң деп те айтуға келмейтін сияқты. Бар болғаны биліктің халықтың тапқан-таянғанын жыру боп қала бермек. Сондықтан қай заң шықса да, адам баласына тиімді болғаны дұрыс.

11. Жақсы айтылған сөз. Осыдан-ақ қоғамдағы теңсіздікті анық байқауға болады. Танысы мен ақшасы бар адам біздің қоғамда заңнан оп-оңай құтылып шыға алады. Ал кімнің танысы болмаса, тынысы да тарылмақ. Барлығы заңға бірдей бағынбай теңдік жайлы сөз қозғау тіптен артық екен.

3

12. Өкінішке қарай, «өрмекшінің торы» болып тұр. Көріп-біліп жүргеніміз де сол. Жоғарыда айтылған қанатты сөз де осыны толықтыра түседі.

13. Сол сияқты мәселенің анық-қанығына жетпей жатып, жеке адам туралы шешім шығарған дұрыс емес. Сырттай қарағанда адамның мінезі, іс-әрекеті өзін көрсетуі мүмкін. Бірақ толықтай көз жеткізу үшін асықпай бақылау қажет.

14. Біз көбінесе «көп айтса – көнді» жағдайына бейімделіп алғанбыз. Көзбен көрген бір адамның сөзі естіген он адамның айтарынан әлсіз боп қабылданып жатады. Интернетте де адамды жазғанына қарап бағалап тастауға болмайды. Сол адамды бір рет болса да көру керек. Менің тәжірибемде мұндай нәрсе болды. Интернетте басқаша адамды кездесіп көргенімде қарапайым екеніне көзімді жеткізгем.

15. Анджелина Джолидің «Unbroken» киносы да кешірім туралы көрінісін көрсетеді. Қанша айтсақ та, күшті адам ғана кешіре біледі. Физикалық күші есепке алынбайды. Рухы күшті адам десек те болатын шығар.

16. Өте жақсы айтылған сөз. Расында, кінәсіз адамды қанша жерден алып айыптай беруге болады. Бірақ кінәсі неде екенін әбден іздеп ақтаратын болса, ештеңе де табылмайтыны анық. Әшкереленбейді бәрібір. Ал кінәсі бар адам қанша жерден ақталса да, түбі әшкере болады. Қылмысты жасыру мүмкін емес.

17. Қандай да бір білетін адамымыз жамандық жасап қойса немесе сол бір жаман әдеттерін қайталай беретін болса, көбінесе тез үкім шығарып жатамыз. Рас, жаны ашитындары мәселенің мән-жайын анықтауы мүмкін. Бірақ жақсысы сол, кез келген жағдайда ашуға бой бермей, асықпай шешім шығара білген дұрыс. Түзелмейтін мінез болмайды.

4

18. Әлеуметтік ролик бар ғой: жол полициясына пара берген көлік ақыры оның жақын адамын қағып кетеді. Сонымен қатар ауылдың шеті өртене бастаса, жалыны көп күттірмей сіздің үйге де жетеді деген түсінік бар ғой. Мүмкіндігінше жамандықтың көзін жоюға тырысқан жөн.

19. Бұл да жоғарыдағы сөзді толықтыра түседі. Қылмыскерді заңмен жазалаған дұрыс. Аяушылық танытқан жағдайда адамдарға зиян тигізуі мүмкін.

20. Тура айтылған сөз. Қай ғасырда жазылса да, әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді. Бүгінгі таңда да заң пәрменді «адамдарға» келгенде дәрменсіз болып тұр.

21. Бұл мәселеде әзірге алып-қосарым жоқ. Цицеронның бұл сөзінің өзінде-ақ артық нәрсе жоқ.

22. Иә, аз сөйлейтін адам әрдайым құрметке ие болады. Көп сөйлейтін ауыздың біраздан соң саситыны бар. Дегенмен, аз сөйлеуге үйрену қиын. Тіпті, ол сабырлықпен, даналықпен байланысты болса керек. Әзірге бізге аз сөйлеп көп нәрсені айтатын қабілет жетіспей тұр.

5

24. Жалпы, осы сөйлемнің негізіне ұқсас қаншама өзін-өзі ақтау әрекеттері баршылық. Мәселен, мен медициналық мамандықта оқып жатқандықтан әдеби тілді білмеймін деген жағдайлар бар. Менің мамандығым физика ғой, маған әдебиеттің қажеті жоқ деген де принципті ұстанатын адамдарды кездестіргем. Жалпы, өз ойын жақсы жеткізетін тек филологтар мен журналистер сияқты. Меніңше, бұл – стереотип. Неге ҚазҰТУ-да оқитындар техниканың тілінде сайрай білмейді немесе ЖЭУ-да оқитындар экономикалық тақырыптарға қызықпайды? Дегенмен, басымда ойым көп деп те әр нәрсені айта берудің қажеті жоқ болады.

25. Иә, одан да үндемеген дұрыс. Үндемеу, айтуға қатысты жақсы бір қанатты сөздерді өткен блогымда жазған болатынмын. Сол блогтың да қанатты сөздерін оқып көріңіз.

26. Иә, саудаға байланып, әділетсіздікті жақтауынан сақтасын. Шешен әрдайым әділдіктің жақтаушысы болуы тиіс. Сол әділдіктің өзі шешенді шешен қылады ғой. Шешен әділдіктің жолында қызмет етуі керек сияқты.

Құрметті оқырман, суреттерде жазылған қанатты сөздер бойынша пікір алаңына өзіңіздің көзқарасыңызды білдірсеңіз де болады.